20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

Malim Админ

  • 14.05.2025

Көбіне демократтар жетекшілік ететін 20 штат иммиграциялық қызмет талаптары мен қаржыландыруды қысқартамыз деп қорқытқаны үшін Трамп әкімшілігіне қарсы сотқа шағым түсірді, деп хабарлайды The New York Times. 


Штаттың бас прокурорлары екі сотқа шағым түсірді — бірі Төтенше жағдайларды басқару федералды агенттігі мен ішкі қауіпсіздік министрлігіне, екіншісі көлік департаментіне қарсы.

Штаттар атап өткендей, тасымалдау, лаңкестікке қарсы күрес және төтенше жағдайларға әзірлікке арналған федералды қаражатты қысқарту қауіпті және «заңсыз». Олардың пайымдауынша, әкімшілік Конгрестің шығындар жөніндегі өкілеттігін заңсыз тартып алып, штаттарды Дональд Трамптың саясатын қабылдауға мәжбүрлеу үшін әмиянның күшін пайдаланып отыр. 

Сотқа шағым түсіруге бастамашы болғандар — Калифорния, Иллинойс, Нью-Джерси, Род-Айленд және Мэриленд штаттары. Оларға Колорадо, Коннектикут, Делавэр, Гавай, Мэн, Массачусетс, Мичиган, Миннесота, Невада, Нью-Мексико, Нью-Йорк, Орегон, Вермонт, Вашингтон және Висконсин қосылды.

Барлық штатта (Невада мен Вермонтта ғана республикашылдар) бас прокурорлар мен губернаторлар — демократтар. Сот процесін жүргізіп жатқан Калифорнияның бас прокуроры Роб Бонта мәлімдемесінде президент Трамп өмірлік маңызды қаржыландыруды «ұсақ тиын» ретінде қарастырып жатқанын қосып өтті. 

Өткен айда Ақ үй иммиграциялық билікпен толық ынтымақтаспайынша, паналау юрисдикцияларын қаржыландыруды тоқтатамыз деп қорқытқан екі бұйрық туралы жариялады.

Егер демократиялық бас прокурорлар саяси ойындармен айналыспай, қылмыскерлерді қудалауға және Трамп әкімшілігімен бірге өз қауымдарындағы заңсыз иммигрант-гангстерлер мәселесін шешуге назар аударса, американдықтар үшін жақсы болар еді, — деді Ақ үй өкілі Куш Десаи шағымдар туралы сұраққа жауап бере отырып.

Фото: Flickr  

Байланысты жаналықтар

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

13.05.2025

АҚШ пен Қытайдың салық келісімінен соң акциялар қымбаттады

13.05.2025

Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды

13.05.2025

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті

12.05.2025
MalimBlocks
Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

Ол АҚШ-тың Иллинойс штаты, Чикаго қаласында прокурор көмекшісі қызметін атқарады

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

АҚШ пен Қытайдың салық келісімінен соң акциялар қымбаттады

Тізімде ең бірінші 8% өсіммен Amazon және Meta тұр

Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті