457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

"40 минут әңгімелесті": Трамп пен Зеленский тағы да кездесті

Украина президенті Владимир Зеленский НАТО саммиті аясында өткен Дональд Трамппен кездесу үшін алғыс айтты. Кездесу 40 минуттан астам уақытқа созылған, деп хабарлайды Malim.kz.

«Президент Трамппен ұзақ әрі мазмұнды кездесу өтті. Шын мәнінде маңызды барлық мәселені қамтыдық. Президент мырзаға және Америка Құрама Штаттарына алғыс айтамын. Біз атысты тоқтату мен шынайы бейбітшілікке қол жеткізу жолдарын талқыладық. Халқымызды қалай қорғауға болатыны жайлы да сөз болды. Бейбітшілікті жақындатуға көмектесуге деген ықылас пен назарға ризамыз», – деп жазды Зеленский.

Ол бұл әңгіме туралы кейінірек толық ақпарат беруге уәде етті.

Фото: Chip Somodevilla / Getty Images