457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Албанияда виртуалды министр пайда болды

Ұлттық албан киімін киген, алгоритмдер арқылы басқарылатын Диэлла – мәдени мұра мен голограмманың үйлесімі, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Ол e-Albania порталына кіргендерге күлімдеп қарсы алады. Премьер-министр Эди Рама оны әлемдегі алғашқы жасанды интеллект істері жөніндегі виртуалды министр деп таныстырды.

Президент жарлығымен Раманың өзіне «виртуалды министрді құру және оның жұмысын қамтамасыз ету» міндеті жүктелген. Осылайша, Диэлла тікелей премьерге бағынады. Алайда оның құқықтық мәртебесі күмән тудырып отыр.

«Жасанды интеллект-министр» ұғымының Албания Конституциясында негізі жоқ, — дейді заңгер Сокол Хазизай. — «Министр» деген лауазымның құқықтық мағынасы тірі адаммен және оның жауапкершілігімен тығыз байланысты. Министр халық алдында есеп береді, ал мұны ешбір алгоритм орындай алмайды».

Диэлла «министр» рөлінде таныстырылғаннан бері албан үкіметі оның қандай деректер негізінде оқытылғаны, бастапқы коды немесе адам тарапынан бақылау тетіктері туралы ақпарат жариялаған жоқ.

 

«Қазір Диэлла — жай ғана чат-бот, толыққанды автономды жүйе емес, — дейді 17 жылдық тәжірибесі бар IT-сарапшы Бесмир Семанай. — Егер жасанды интеллект дұрыс оқытылып, бақыланса, мемлекеттік шешім қабылдауға көмектесуі мүмкін. Бірақ негізгі мәселе — ашықтықтың жоқтығы. Біз бұл чат-бот қандай деректер негізінде жасалғанын және оны кім қадағалайтынын білмейміз».

Ал коммуникация саласының маманы, Албания ғылым академиясының мүшесі Артан Фуга Диэлланы технологиялық жетістік емес, саяси айла деп бағалайды.

Фото: @dwglavnoe