Америкалықтар Гренландия тұрғындарын азғырып жүрген

Дания сыртқы істер министрлігі АҚШ елшісін түсініктеме беруге шақырды деп хабарлайды Euronews.
Елшіден – Американың Дания мен Гренландияның арасына жік салу әрекетіне түсініктеме талап етіледі. Мұның алдында Дания қоғамдық телекомпаниясы өз дереккөздеріне сүйеніп, АҚШ азаматтары Гренландияда Данияға қарсы азғыру жұмыстары жүргізгенін жариялаған. Журналистердің мәліметінше, ондай бүлікші азаматтардың кем дегенде үшеуінің Дональд Трамппен байланысы бар.
Ол азаматтардың өз ынтасы екені, әлде Вашингтонның тапсырмасын орындағаны белгісіз. Есіңізде болса, Дональд Трамп президенттік екінші кезеңінің бас кезінде Гренландияны АҚШ-қа қосу керек деген мәлімдеме жасаған болатын. Біршама сарапшылар мұны – жаһандық жылудың әсерінен мұздықтар еріп, солтүстік бағыттың болашақта кеме қатынасында қысқа жол ретінде маңызы артуы мүмкіндігімен байланыстырды.
Фото: Euronews

Ең көп оқылған
