АҚШ елшілігі Киевке соққы жасалуы мүмкін екенін ескертті

АҚШ-тың Украинадағы елшілігі алдағы күндері Ресей Киевке әуеден соққы жасауы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы мәлімдеме 9 мамырда кешке елшіліктің ресми сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі DW-ге сілтеме жасап.
"Елшілік қалаға қарсы әуеден шабуылы болуы мүмкін деген ақпарат алды. Әдеттегідей, АҚШ азаматтарына әуе дабылы жарияланған жағдайда жедел баспанаға жасырынуға дайын болуды ұсынамыз", — делінген хабарламада.
Бұған дейін ұқсас ескерту 2024 жылғы 8 желтоқсанда жарияланған еді. Ал 20 желтоқсанда Киевке жаппай зымыран шабуылы жасалған болатын.
Сонымен қатар, АҚШ-тың Азаматтық авиация басқармасы Ресейдің Астрахан облысындағы Капустин Яр әскери полигонының үстінен ұшу кеңістігін 12-13 мамырға жауып тастайтынын хабарлады. Бұған дейін БАҚ-та бұл полигоннан Ресей қарашада Украинаға жаңа "Орешник" баллистикалық зымырандарын ұшырғаны туралы жазылған.
Әуе кеңістігін жабу туралы ескерту 8 мамырда Ростов аймағының ұшу ақпарат орталығынан жіберілген. Ол 12 мамыр сағат 09:00-ден бастап 13 мамыр 19:00-ге дейін (Мәскеу уақытымен) күшінде болады.
Telegram арналары не дейді?
Ресейлік Mash және Baza Telegram-арналары 8 мамырда Ресей президенті Владимир Путин Қорғаныс министрлігіне Киевке "Орешник" зымырандарымен соққы жасау үшін нысаналарды анықтауды тапсырды деп жазды.
Фото: shutterstock/vostock-photo

Самое читаемое
