АҚШ пен Украина пайдалы қазбалар жөніндегі келісімге қол қойды

Malim Админ

  • 01.05.2025

АҚШ-тың Қаржы министрлігі Киев пен Вашингтон пайдалы қазбаларды бірлесіп өндіру және Украинаны қалпына келтіру үшін инвестициялық қор құру туралы келісімге қол қойғанын мәлімдеді, деп жазады ВВС.


АҚШ Қаржы министрлігінің сайтында жарияланған баспасөз мәлімдемесінде келісім «Америка халқының Украинаны қорғауға көрсеткен елеулі қаржылық және материалдық қолдауын мойындау үшін» жасалғаны айтылған.

Бұл экономикалық ынтымақтастық Украинаның экономикасын қалпына келтіруді жеделдету үшін бірге жұмыс істеуге мүмкіндік береді, - деді АҚШ Қаржы министрлігі.

Бұл ретте Қаржы министрлігі тараптар «бағдарламаның қалай басқарылатынын түпкілікті бекіту және осы маңызды серіктестікті дамыту» бойынша жұмыс істейтінін түсіндіреді.

Бұған дейін Украинаның тек қана негіздік келісімге қол қоюға дайын екендігі, ал АҚШ техникалық мәліметтерді қамтитын тағы екі қосымшаны жасауды талап еткені хабарланған болатын.

Бұл келісім Ресейге Трамп әкімшілігінің Украинаның ұзақ мерзімді перспективада еркін әрі егемен ел ретінде гүлденуін жақтайтыны туралы нақты сигнал береді, - деді АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент.

Айта кетейік, 24 наурызда АҚШ президенті Дональд Трамп Америка әкімшілігі мен Украина билігі сирек жер элементтері жөніндегі келісім бойынша жұмысты аяқтауға жақын екенін және жақын арада оған қол қоятынын хабарлаған болатын.

Фото: golosameriki.com 

Байланысты жаналықтар

Трамп 8 мамырды АҚШ-тың Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні деп жариялады

02.05.2025

Қазақстан мен Ресей киіктерге қатысты келіссөз жүргізіп жатыр

01.05.2025

АҚШ Трамп билігі кезінде алғаш рет Украинаға қару сатуға рұқсат берді

01.05.2025

Трамп тарифтерінен кейін неміс автоөндірушілері шығынға батты

01.05.2025

Үндістан басшысы Мәскеудегі парадқа қатысудан бас тартты

30.04.2025

Киев Ресейдің бітім туралы мәлімдемесіне жауап берді

28.04.2025
MalimBlocks
Трамп 8 мамырды АҚШ-тың Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні деп жариялады

Қазақстан мен Ресей киіктерге қатысты келіссөз жүргізіп жатыр

АҚШ Трамп билігі кезінде алғаш рет Украинаға қару сатуға рұқсат берді

Трамп тарифтерінен кейін неміс автоөндірушілері шығынға батты

Mercedes-Benz және Volkswagen концерндерінің операциялық пайдасы 40 пайызға төмендеді

Үндістан басшысы Мәскеудегі парадқа қатысудан бас тартты

Террорлық шабуылда 26 адам қаза тапқан

Киев Ресейдің бітім туралы мәлімдемесіне жауап берді