Армения модульдік АЭС салу туралы стратегиялық шешім қабылдады

Бұл туралы Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян мәлімдеді

Malim Админ

  • 20.09.2024

Пашинянның айтуынша, мұндай технологиялар Ресейде, Францияда, Оңтүстік Кореяда дамып келеді. Бірақ АҚШ бұл салада үлкен прогреске қол жеткізген. 
-    Біз шағын типті модульдік атом электр станциясы болуы керек деген стратегиялық шешім қабылдадық...  Бірқатар елдер модульдік АЭС технологияларын қолдану кезеңіне жетті. Шамасы, АҚШ прогресінде ілгерілеу бар сияқты. Сонымен бірге, бұл технологияны Ресей, Франция, Оңтүстік Корея пайдаланады. Біз серіктестермен жұмыс істейміз", – деп мәлімдеді Пашинян 18 қыркүйекте, Ереванда өткен Дүниежүзілік армян саммитінде.

Армения премьер-министрі модульдік АЭС салуға деген ұмтылысын апат болған жағдайда оқиға жергілікті сипатта болатынын, қоршаған ортаға қауіп төндірмейтінін және станциядан 500 метр қашықтықтағы елді мекендер тұрғындарын эвакуациялауды қажет етпейтінін айттып түсіндірді. 

Арменияда 1976 және 1980 жылдары ВВЭР-440 типті жер сілкінісіне төзімді АЭС пайдалануға берілген. Реакторлар базасында екі энергия блогы бар бір АЭС жұмыс істейді. АЭС 1989 жылы наурызда “Спитак” жер сілкінісінен кейін тоқтатылды. Бірақ, екінші энергия блогы 1995 жылдың қарашасында қайта іске қосылды. “Росатомның” көмегімен 2021 жылы оның модернизациясы аяқталды. Қолданыстағы АЭС блогының пайдалану мерзімі 2026 жылға дейін ұзартылды. Армения үкіметі Армян АЭС-ін пайдалануды 2036 жылға дейін ұзарту туралы қаулы қабылдады. 

Фото: Ақорда

Материалды әзірлеген - Айкөркем Сағат
 

Байланысты жаналықтар

АЭС Курчатов қаласында салына ма? Бектенов жауап берді

03.12.2024

Лавров: Ресей Қазақстанда АЭС салатын халықаралық консорциум жұмысына атсалысуға ниетті

07.11.2024

АЭС-ті Ресей салған жағдайдағы саяси тәуекелдер. Скляр не деді?

08.10.2024

Референдумда халықтың 71,12 пайызы АЭС құрылысын қолдады

07.10.2024

Бірінші exit poll нәтижесі: дауыс берушілердің 69,8 пайызы АЭС құрылысын қолдады

07.10.2024

Халықаралық бақылаушылар Алматыдағы референдумның ұйымдастырылуына жоғары бағалады

06.10.2024
MalimBlocks
АЭС Курчатов қаласында салына ма? Бектенов жауап берді

Курчатовтың ғылыми қалаға айналуына барлық негіз бар

Лавров: Ресей Қазақстанда АЭС салатын халықаралық консорциум жұмысына атсалысуға ниетті

«Росатом» бұл мәселені шешуге қажетті өз құзыретін ұсынуға толығымен дайын», – деді ол.

АЭС-ті Ресей салған жағдайдағы саяси тәуекелдер. Скляр не деді?

Шартта санкциялық келісім қарастырылатын болады

Референдумда халықтың 71,12 пайызы АЭС құрылысын қолдады

Референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 млн 284 мың 487

Бірінші exit poll нәтижесі: дауыс берушілердің 69,8 пайызы АЭС құрылысын қолдады

Қазақстан бойынша 10 249 референдум учаскесінде дауыс берілді.

Халықаралық бақылаушылар Алматыдағы референдумның ұйымдастырылуына жоғары бағалады

Бақылаушылар арасында 6 елдің аккредиттелген тұлғалары бар