457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әзербайжан президенті 9 мамырда Мәскеуге бармайтын болды

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев 9 мамырда Мәскеуге бармайтын болды, - деп хабарлайды Malim.kz РБК-ға сілтеме жасап.

Бакуде бұл шешімді оның марқұм әкесі, Гейдар Әлиевке арналған іс-шараларға қатысуымен түсіндірді. Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, Әлиевтің келмейтіні туралы хабарлама түскен.

"Өкінішке қарай, Әлиев келмейді деген хабарлама алдық. Себебін Гейдар Әлиевке арналған ішкі іс-шараларға қатысуымен түсіндірді", — деді ол журналист Александр Юнашевке.

Айта кетейік, 10 мамыр — Гейдар Әлиевтің туған күні. Ол 2003 жылы өмірден өткен.

Сондай-ақ, Лаос басшысы Тхонглун Сисулит де бармайтын болды — ол коронавирус жұқтырып алған.

Бұған дейін Ушаков 9 мамырдағы шараларға 29 елдің көшбасшысы келеді деп хабарлаған. Әлиев пен Сисулиттің келмейтіні анықталған соң бұл сан 27-ге қысқарды.

Фото: Gints Ivuskans / Shutterstock