457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Беларусьте 52 саяси тұтқын бостандыққа шықты

Беларусь билігі 52 саяси тұтқынды босатты, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Мәліметке сәйкес, АҚШ президенті Дональд Трамптың көмекшісінің орынбасары Джон Коул бастаған делегация Минскідегі келіссөздерден кейін Вильнюске бет алды.

«Әртүрлі елдердің азаматтығы бар 52 тұтқын босатылды», – деді елшілік өкілі Reuters агенттігіне.

Литва президенті Гитанас Науседа шұғыл баспасөз мәслихатында босатылғандардың арасында литвалықтар да бар екенін растады, деп хабарлады LRT медиакомпаниясы. Оның сөзінше, түрмеден шыққандарды шекарада Литва сыртқы істер министрі Кястутис Будрис қарсы алған. Ол бұл босатулар санкцияларды жеңілдету жөніндегі келіссөздерге қатысы жоқ екенін атап өтті.

Беларусь басшысы Александр Лукашенконың баспасөз қызметі барлығы 14 шетел азаматы кешірімге ілінгенін хабарлады: олардың алтауы – Литва, екеуі – Латвия, екеуі – Польша, екеуі – Германия, біреуі – Франция және тағы біреуі – Ұлыбритания азаматы.

Бостандыққа шыққандардың ішінде 2020 жылы 14 жылға сотталған Николай Статкевич пен «Беларусь» шипажайының маркетинг бөлімінің басшысы, Литва азаматы Алена Романаускене бар. Ол «тыңшылық жасады» деген айыппен 6 жылға сотталған еді.

DW дереккөзіне сүйенсек, сондай-ақ философ Владимир Мацкевич пен блогер, анархистік қозғалыс белсендісі Николай Дедок та бостандыққа шыққан.

Гитанас Науседа: «Бұл санкцияларды алып тастауға немесе жұмсартуға айырбас емес», – деп мәлімдеді.

Ал Джон Коул Лукашенкомен бес сағатқа созылған кездесуде АҚШ «Белавиа» әуе компаниясына салынған санкцияларды алып тастағанын жеткізді.

Бұған дейін АҚШ президенті Александр Лукашенконы тұтқындарды босатуға шақырып, оларды «құрбан болғандар» деп атаған еді.

Фото: Zuma Press/IMAGO

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00

Ең көп оқылған