457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

CNN: Трамп Путинге «Мәскеуді бомбалаймын» деп қоқан-лоқы көрсеткен

АҚШ президенті Дональд Трамп 2024 жылғы сайлауалды науқаны аясында демеушілермен өткен кездесуде Ресей президенті Владимир Путинді Украинаға басып кіруден бас тартқызу үшін оған «Мәскеуді түгін қалдырмай бомбалаймын» деп сес көрсеткенін айтты. Бұл туралы CNN телеарнасы 8 шілдеде хабарлап, өз редакциясының қолындағы аудиожазбаны дәлел ретінде ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz.

Трамп аудиожазбада Путинге былай дегенін жеткізеді:

«Егер сен Украинаға кірсең, Мәскеуді бомбалаймын. Менде басқа амал қалмайды», – деген Трамп.

Путин болса:

«Мен саған сенбеймін» деп жауап берген. Алайда Трамптың айтуынша, Путин оған 10 пайызға сенген.

Трамп кейінірек Қытай басшысы Си Цзиньпинге де Тайваньға басып кірген жағдайда Пекинді бомбалауға уәде бергенін айтқан.

«Ол мені есінен адасқан деп ойлады», – дейді Трамп Сидің реакциясы жайлы.

Дегенмен ол өзінің Си Цзиньпинмен ешқашан проблемасы болмағанын қосып өтті.

Бұл аудиожазбалар Трамптың Нью-Йорк пен Флоридада өткен сайлауалды қаржыландыру шараларында жазылған. Кейін жазбалар The Washington Post және Politico журналистері Джош Доуси, Тайлер Пейджер және Айзек Арнсдорфтің қолына түсіп, олар мұндай диалогтарды Трамптың Ақ үйге оралуы жайлы «2024» атты кітаптарында сипаттаған.

2024 жылғы қазанда The Wall Street Journal газетіне берген сұхбатында Трамп Путинге «Мәскеудің дәл ортасына соққы жасаймын» деп те қоқан-лоқы көрсеткенін айтқан болатын.
Аудиожазбалар бұған дейін жарияланбаған.
Трамптың штабы CNN-ге бұл жазбаларға қатысты пікір беруден бас тартты.

Фото: Jacquelyn Martin/AP/picture alliance