Депутаттар даурыққанымен, парламент өзін өзі таратты

IMAGE: ©nazarnews.org
Қырғыз елінің парламенті - Жогорку Кенеш өзін өзі таратты. Ол туралы 24.kg хабарлапты.
Тарату туралы бастама көтерген Улан Примов деген депутат бұл әрекетін алдағы екі сайлау науқанының қатар келуіне қатысты қауіптермен байланыстырады. Нақтырақ - 2026 жылдың қарашасында парламент, ал 2027 жылдың қаңтарында президент сайлауы өтеді.
Алайда, бастаманы барлығы қолдамаған. Дастан Бекешев деген депутат бастама көтергендерге сауал тастады.
"Депутаттар неменеге сайлаушылар кет десе кетпей, қал десе кете барады? Азаматтарымызға не айтамыз? Сайлауды көктемде өткізуге болмас па еді?"
дейді ол.
Надира Нарматова деген депутат та наразылығын білдірді. Оның ойынша, парламент жұмысын бастамай жатып, вице-спикерлер мен комитет басшылары өзін өзі таратуды ұсынып отыр. Кеткісі келетіндер өздері неге кете бермейді дейді Надира Нарматова.
Бұдан әрі қарай спикер депутаттарға сөз бермей, өзін өзі тарату туралы мәселені дауысқа салуға шығарып жіберген. Қатысып отырған 89 депутаттың 84-і жақтап дауыс беріпті. Қарсы дауыс берген ешкім болмаған.