457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

АҚШ USAID агенттігінің таратылатынын ресми түрде хабарлады

АҚШ Мемлекеттік департаменті Конгреске АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі (USAID) таратылатыны жөнінде ресми түрде мәлімдеді,

АҚШ Мемлекеттік департаменті Конгреске АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі (USAID) таратылатыны жөнінде ресми түрде мәлімдеді, - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі DW-ге сілтеме жасап. 

USAID агенттігіне қатысты қайта құрылымдау жұмыстары 1 шілдеге дейін жүргізіледі. Оның бірқатар функциясын Мемлекеттік департамент өз мойнына алады.

"Дұрыс ұйымдастырылған сыртқы көмек – ұлттық мүдделерімізді ілгерілетуге, шекарамызды қорғауға және негізгі одақтастармен әріптестікті нығайтуға сеп болады. Өкінішке қарай, USAID бастапқы миссиясынан айтарлықтай алшақтап кетті. Соның салдарынан жетістіктер мардымсыз, ал шығындар тым көп болды", – деді АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Илон Маск басқаратын Мемлекеттік тиімділік департаменті (DOGE) USAID қызметкерлеріне заңмен қарастырылмаған барлық лауазымның жойылатынын айтты. Агенттік қызметкерлеріне шілде-қыркүйек аралығында жұмыстан кету туралы ұсыныс жазылған хаттар жіберіледі.

DOGE мәлімдемесінде осы кезеңде Мемлекеттік департамент USAID-тің қалған маңызды әрі стратегиялық көмек бағдарламаларын өз бақылауына алатыны айтылған. Алайда USAID қызметкерлері автомат түрде Мемлекеттік департаментке ауыстырылмайды – жаңа жұмысқа қабылдау жеке және тәуелсіз рәсім арқылы жүзеге асады.

Бұған дейін не белгілі болды?

Еске салайық, АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекет басшысы қызметіне кіріскен алғашқы күні – 20 қаңтарда, USAID-тің шетелдік мемлекеттерге көрсететін көмегін 90 күнге тоқтатқан болатын. Осы уақыт аралығында агенттік бағдарламаларының америкалық құндылықтар мен елдің сыртқы саяси мақсаттарына сай келу-келмеуі тексерілді. Тексеріс нәтижесінде Вашингтон USAID-тің 83 пайыз бағдарламасын қысқартты.

Фото: Reuters