Дуров тергеушілерге жылдық табысы қанша екенін айтты

1 дирхам - 130 теңге

Мадина Қайнарова

  • 26.09.2024

Француз тергеушілері Павел Дуровтың бір дирхамды құрайтын жылдық табысы туралы мәлімдемесіне аң-таң болды. Бұл туралы Le Mondе басылымы жазды.

Дирхам – Бірікке Араб Әмірлігінің ақша бірлігі.  1 дирхамның құны біздің ақшамен 130 теңге болады. Айта кетсек, Павел Дуров соңғы жылдары БАӘ-де тұрып жатқан.

Париж прокурорлары Дуровқа бұлтартпау шара тағайындау бойынша өткен сот отырысында Telegram мессенджерінің негізіні қалаушыға кепіл мөлшерін белгілеуді ұсынды. Басында ұсынылған 20 миллион еуроны судья бес миллионға дейін азайтқан.

Жалпы, Дуров үшін мұндай кепіл сомасы аса төмен деп жазады Le Monde. 2023 жылы Дуровтың Дубайдағы қайырымдылық аукционында автокөлік номері үшін 8,5 миллион еуро ұсынғанын бәрі біледі. Telegram-ның негізін қалаған кәсіпкердің байлығы түрлі дереккөздерде әртүрлі бағаланған. Алайда мамандар оның байлығы шамамен 9-15 миллиард долларды құрайды деген пікірде.

Өзі осындай аз пайда табамын десе де, Telegram басшысы мультимиллиардер ретінде танымал. 2014 жылы ол «ВКонтакте» ресейлік әлеуметтік желісіндегі акцияларын сатып, 300 миллион еуро пайда тапқан. Одан бөлек, Дуров Telegram-ның барлық акционерлік капиталын иеленіп отыр. Бірқатар инвестициялық қорлардың бағалауынша, оның құны 30 миллиард доллар.

Фото: oxu.az

Байланысты жаналықтар

Украинада әскерилер мен шенеуніктерге Telegram қолдануға тыйым салынды

21.09.2024

Қамаудан шыққан Павел Дуров мәлімдеме жасады

06.09.2024

Павел Дуров қамаудан босатылды

29.08.2024

Павел Дуровтың ағасы да тұтқындалатын болды

28.08.2024

Telegram иесі Павел Дуров жайлы не білеміз?

27.08.2024

Журналистер одағы Павел Дуровтың ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады

25.08.2024
MalimBlocks
Украинада әскерилер мен шенеуніктерге Telegram қолдануға тыйым салынды

Мақсат – ұлттық қауіпсіздікті сақтау

Қамаудан шыққан Павел Дуров мәлімдеме жасады

Шағымдарын жеке маған емес, Telegram-ға жолдауы керек еді дейді ол.

Павел Дуров қамаудан босатылды

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров 28 тамызда қамаудан шықты.

Павел Дуровтың ағасы да тұтқындалатын болды

Франция билігі Николай Дуровты ұстауға санкция бергені туралы ақпарат тарады

Telegram иесі Павел Дуров жайлы не білеміз?

Сирек сұхбат беріп, әрдайым қара киінетін Дуров жұмбақ тұлға

Журналистер одағы Павел Дуровтың ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады

Одақ Франция билігін Дуровтың құқықтары мен бостандығын сақтауға шақырған