Павел Дуров 100-ден аса баласына мұрасын тең бөлмек

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров өзінің байлығын 100-ден астам баласының арасында тең бөлуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ол француздың Le Point журналына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Malim.kz euronews-ке сілтеме жасап.
«Мен қайтыс болғаннан кейін балаларым бір-бірімен тартысып, қырқысып кетпесе екен деймін», – дейді 40 жастағы ресейлік кәсіпкер.
Дуровтың айтуынша, оның ресми түрде алты баласы бар. Сонымен қатар, 12 елде донорлық жолмен дүниеге келген 100-ден аса баланың да биологиялық әкесі екенін мәлім етті.Миллиардердің сөзінше, балаларына мұра тек 30 жылдан кейін ғана қолжетімді болады.
«Мен олардың қарапайым адамдар сияқты өмір сүріп, өз мансаптарын өздері құрып, өз күшіне сенуді үйренгенін қалаймын. Шығармашылықпен айналысып, банк шотына тәуелді болмасын», – дейді ол.
Павел Дуров жуырда өз өсиетін рәсімдегенін айтып, бұл қадамға не үшін барғанын да түсіндірді:
«Бостандықты қорғау жолында күшті мемлекеттермен қоса, түрлі жау табуға болады», – деп атап өтті ол.
Фото: instagram.com/durov

Ең көп оқылған
