Павел Дуров Парижде алғаш рет тергеуші сұрақтарына жауап берді

Telegram-ға «қылмыстық мазмұндағы ақпараттың таралуына қарсы шаралар қолданбады» деп айып тағылған

Мәди Саматұлы

  • 07.12.2024

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров жұма күні Париж сотында тергеушінің сұрақтарына алғаш рет жауап берді. 20minutes.fr жазуынша, ол мессенджер платформасының қылмыстық әрекеттерге ықтимал қатысы бар деген айып бойынша тергеліп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Дуров тамыздың соңында 4 күндік қамаудан кейін ұйымдасқан қылмыспен байланысты бірнеше заңбұзушылық үшін айыпталған. Франция әділет органдары мессенджерде қылмыстық мазмұндағы ақпараттың таралуына қарсы шаралар қолданбады деп кінә артып отыр.

Сайт жазуына қарағанда, Дуров кепіл ретінде 5 миллион еуро төлеу және апта сайын екі рет полицияға тіркелу сияқты қатаң бақылау шарттарымен бостандыққа шығарылған. Сонымен қатар, оған Франция аумағынан шығуға тыйым салынған.

Адвокат Давид-Оливье Камински өз клиентінің Telegram арқылы жасалған қылмыстарға қатысы бар деген пікірдің дақпырт екенін айтқан. Дегенмен, тергеу ісі мессенджердің құқық қорғау органдарына бұрынғыдан да белсенді жауап бере бастауына ықпал еткені жазылған.

Қыркүйекте Павел Дуров өзінің ұсталғаны жайында алғаш рет пікір білдіріп, Telegram арнасында жарияланған ұзақ хабарламасында француздар көзқарасын «дұрыс емес» деп атаған. Әйтсе де ол платформаның пайдаланушылар санының қарқынды өсуі – бүгінде әлем бойынша 950 миллион қолданушы – Telegram-ның қылмыстық әрекеттерге «қолданылуын» жеңілдеткенін мойындады.

Фото: instagram/durov

Байланысты жаналықтар

Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

18.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

13.05.2025
MalimBlocks
Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды