Еуроодақ Ресейге қарсы 130-дан астам санкциялық шара қабылдады

Арман Қайыпхан

  • 20.05.2025

Брюссельде өткен Еуропалық Одақтың Сыртқы істер кеңесінде ЕО елдерінің сыртқы істер министрлері Ресейге қарсы тарихтағы ең ауқымды санкциялар жиынтығын мақұлдады, деп хабарлайды Malim.kz dw.com сайтына сілтеме жасап.

Бұл жолы санкциялар бірден 4 бағыт бойынша енгізілді:

  1. Украинаға қарсы агрессиялық соғысы үшін;
  2. Адам құқықтарының өрескел бұзылуы үшін;
  3. Батыс елдеріне қарсы жүргізілген гибридті әрекеттері үшін;
  4. Химиялық қаруды қолданғаны үшін.

Жалпы алғанда, 130-дан астам жеке санкциялық шара қабылданды. Олар Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешеніне, "көлеңкелі флотына", санкцияға ілінген тауарларды үшінші елдерден жеткізушілерге, сондай-ақ Кремльдің насихат пен дезинформация таратушыларға бағытталған.

17-ші санкциялық пакет: 75 жаңа тұлға және 189 кеме

Украинаға қарсы соғыс әрекеттеріне байланысты енгізілген 17-ші санкциялық пакет аясында ЕО 75 жаңа заңды және жеке тұлғаны, сондай-ақ Ресейдің "көлеңкелі флотына" тиесілі 189 кемені санкциялық тізімге қосты. Осылайша, аталған тізімде барлығы 2400-ден астам тұлға мен 342 кеме бар.

Санкцияға іліккендер арасында — "КАМАЗ" компаниясының бас директоры Сергей Когогин мен "Сургутнефтегаз" мұнай компаниясы бар. Жалпы бұл құжатта 17 жеке және 58 заңды тұлға көрсетілген. Көпшілігі қару-жарақ пен әскери техника, оның ішінде дрондар өндірумен айналысады.

Адам құқықтарын бұзу және гибридті шабуылдар үшін санкциялар

Гибридті әрекеттер үшін ЕО 27 жеке және заңды тұлғаға жеке шектеулер енгізді. Ал адам құқықтарының бұзылуы бойынша тағы 28 тұлға санкция тізіміне енді. Олардың қатарында – саясаткер Алексей Гориновты соттаған судья Олеся Менделеева және оған айыптау қорытындысын ұсынған прокурор Светлана Журавлева бар. Сондай-ақ тізімде басқа да судьялар, тергеушілер мен прокурорлар, сонымен қатар Қылмыстық-атқару жүйесі қызметінің бір шенеунігі бар.

Химиялық қару қолдану бойынша бөлек тізім жасалды

ЕО сонымен қатар химиялық қару тарату және қолдануға байланысты жеке санкциялық тізімді бекітті. Оған Ресей Қорғаныс министрлігіне қарасты Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскері мен екі ғылыми-зерттеу институты енді.

Фото: Nicolas Landemard / Le Pictorium/MAXPPP/dpa/picture alliance

Байланысты жаналықтар

Мәскеуде танымал стендап-комик Нұрлан Сабуров ұсталды

19.05.2025

Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

18.05.2025

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

18.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025
MalimBlocks
Мәскеуде танымал стендап-комик Нұрлан Сабуров ұсталды

Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған