457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Киев пен Мәскеу кезекті рет қаза тапқан әскерилердің мәйіттерін алмасты

Ресей мен Украина қаза болған әскери қызметкерлердің мәйіттерін кезекті рет алмастырды, деп хабарлайды Malim.kz dw.com сайтына сілтеме жасап.

ТАСС агенттігінің мәліметінше, 19 тамызда Ресей Украинаға Қарулы күштердің 1000 жауынгерінің денесін берген, ал өзіне 19 ресейлік әскеридің мәйітін қайтарған.

Украина жағы да бұл деректі растады. Координациялық штабтың хабарлауынша, репатриацияланғандардың бесеуі Ресей тұтқынында қаза тапқан. Олар «ауыр жараланған және қатты науқас» тұтқындар тізімінде болып, Ыстамбұлда өткен келіссөздер аясында айырбасталуы тиіс еді.

«Ресей тарапы уақытты созып, өз міндеттемелерін орындамай отыр», – делінген штаб мәлімдемесінде.

Сонымен қатар Украина мәйіттердің Донецк, Запорожье, Луганск және Курск бағыттарынан қайтарылғанын нақтылады.

Фото: Thibault Camus/AP/picture alliance