ФТБ ресейлік Бірінші арна қызметкерінің америкалық ранчосын тінтіп жатыр
Федералды тергреу бюросы (ФТБ) Дмитрий Саймстың ранчосын бірнеше күннен бері тінтіп жатыр.

Бұл туралы жергілікті Rappahannock News басылымы жазған. ФТБ өкілі Саманта Шеро тергеу амалдары ақталмауына байланысты егжей-тегжейлі мәлімет беруден бас тартқан.
Ресейлік Бірінші арна жүргізушісі Саймстың ранчосы Вирджиния шататында орналасқан. Аймақтық сот мәліметіне қарағанда, Саймс пен оның әйелі Анастасия Рюрикова-Саймс қала сыртындағы бұл үйді 2021 жылы 1,63 миллион долларға сатып алған.
76-жастағы Саймс Ресей мемлекеттік телараналарына саясаттанушы ретінде пікір білдіріп келген. Ол журналистерге өзінің «Америкада емес екенін. Жағдайға алаңдап, оған қалай реакция жасау керектігін нақтылап жатырмын» деп жауап берген.
«Агентство» басылымының хабарлауынша, Саймстың шын фамилиясы – Симис. Ол Мәскеу қаласында совет диссиденттерінің отбасында дүниеге келген. 1973 жылы АҚШ-қа эмиграция жасаған. 1980 жылдары пРичард Никсонның бейресми кеңесшісі болған.
1994 жылы бұрынғы Никсондық сараптама, қазіргі Ұлттық мүдделер Орталығын басқарған. 2016 жылы Саймс Ресейдің АҚШ сайлауына араласуына қатысты даудың ортасында қалған. Ол кезде Саймс Дональд Трамптың сайлау компаниясында бейресми консультант ретінде жұмыс істеген.
«Агентство» басылымының жазуынша, 2010 жылдары Дмитрий Саймс Орталықтағы жұмысынан табысы азайып, ресейлік Бірінші арнадағы «Большая игра» ток-шоуына жүргізушілік қызметке кіріседі. 2019 жылы Бірінші арна оған 14 миллион рубль төлеген. Бұл ақша 217 мың АҚШ долларына тең. 2021 жылы Саймс 37,8 миллион рубль (512 мың доллар) жалақы алып, қазір тексеру жүріп жатқан ранчоны сатып алған.
Материал Америка даусы сайтынан алынды
Фото: Alexei Danichev/AP Photo/picture alliance