Иран АҚШ-тың әскери базаларын зымырандармен атқылады

Иран Катар аумағында орналасқан АҚШ-тың әскери базасына алты зымыран атқылады. Бұл туралы Axios басылымы Израиль шенеунігіне сілтеме жасап хабарлады.
Олардың айтуынша, шабуыл — АҚШ-тың Ирандағы ядролық нысандарға жасаған соққыларына жауап ретінде жүзеге асырылған.
Иранның Tasnim ақпарат агенттігі зымырандық операцияның «Жеңіс туралы жағымды хабар» деген атаумен Ирак пен Катардағы АҚШ базаларына бағытталғанын мәлімдеді.
«Аль-Джазира» телеарнасы Доха аспанында жарқыл мен жарылыстардың дыбысы байқалғанын хабарлады.
Катар Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, елдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері АҚШ-тың Әл-Удейд әскери-әуе базасына жасалған зымыран соққысын сәтті тойтарған.
Сонымен қатар, Катар тарапы Иран шабуылынан кейін жауап қайтару құқығын өзіне сақтап қалатынын мәлімдеді.
Фото: Рейтер


Ең көп оқылған
