457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Иран мен Израиль қақтығысы: қаза тапқандар мен жүздеген жараланғандар бар

Израильдің әскери-әуе күштері Иран аумағындағы ондаған нысанаға соққы берді, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Шабуыл нәтижесінде Иранның әскери жетекшілері мен ядролық жобамен айналысқан жетекші ғалымдары қаза тапқан. Бұған жауап ретінде Иран Израильге 100-ден астам дрон және зымыранмен соққы жасады.

Израиль тарапы шабуылдан кейін елде төтенше жағдай енгізіп, әуе кеңістігін уақытша жапты.

15 маусым күні болып жатқан жағдайды DW агенттігі тікелей бақылауда ұстап отыр.

Маңызды жайттар:

Иранның түнгі шабуылы салдарынан Израильде 8 адам қаза тауып, шамамен 200 адам жараланды;

Израиль армиясы Тегерандағы әскери, ядролық және энергетикалық инфрақұрылымдарға бірнеше соққы жасағанын хабарлады;

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Таяу Шығыстағы жағдайды ушықтырмауға шақырды.

Аймақтағы ахуал әлі де шиеленісті, тараптардан жаңа мәлімдемелер күтілуде.

Фото: Tomer Appelbaum/REUTERS