Камала Харрис: «Трамп - тұрақсыз әрі билікқұмар адам»

Ал Трамп «Камала бізді ұятқа қалдырды» деді

Мадина Қайнарова

  • 30.10.2024

АҚШ-тағы сайлау алдындағы тартыс әлі жалғасып жатыр. Үміткерлер соңғы сайлауалды іс-шараларын өткізді. Екі кандидат та ел алдында бір-бірін қатаң сынға алды.

Вице-президент және АҚШ президенттігіне кандидат Камала Харрис Вашингтонда мыңдаған адамдардың алдында сөз сөйледі.  Бұл бір аптадан кейін өтетін сайлау алдындағы соңғы үлкен шара.

- Қайырлы кеш, Америка! – деп бастады ол өз сөзін. - Бір аптадан кейін сіз өміріңізге, отбасыңыздың өміріне және сүйікті еліміздің болашағына тікелей әсер ететін шешім қабылдауға мүмкіндік аласыз.

Оның айтуынша, алдағы сайлау екі партия мен екі түрлі кандидат арасындағы таңдау ғана емес.

- Бұл біздің әрбір американдық үшін бостандыққа негізделген әлде хаос және дау-дамаймен басқарылатын ел боламыз ба, соған қатысты жасайтын таңдауымыз, - деп қосты Харрис. - Американдық көшбасшылардың жаңа буынының уақыты келді.

Митингтің орны кездейсоқ таңдалмаған. Ол Ақ үйдің жанында орналасқан және Эллипс саябағы деп аталады. Онда 2021 жылдың 6 қаңтарында республикашыл Дональд Трамп сөз сөйлеген еді. Осыдан кейін Трамптың кейбір жақтастары Капитолийге шабуыл жасаған.

Харристің айтуынша, Трамп «төрт жыл бұрын дәл осы жерде тұрып, өзінің сайлауда жеңілетінін білгендіктен, қарулы топты Капитолийге жіберіп, халықтың еркін және әділ сайлаудағы ерік-жігерін жоққа шығарған».

- Трамп – тұрақсыз, кекшіл, өкпешіл әрі билікқұмар адам, - деді Харрис.

Штабтың мәліметінше, бұл митингке 75 мыңнан астам адам жиналған.

Харрис Вашингтонда сөз сөйлеп жатқанда, Дональд Трамп Пенсильваниядағы Аллентаун қаласында митинг өткізді. Бұл президенттік сайлаудың нәтижесі шешілетін негізгі штаттардың бірі.

- Сіздер қазір төрт жыл бұрынғыға қарағанда, жақсы өмір сүресіздер ме?- деп бастады сөзін экс-президент.

Ол Ақ үйге оралса, инфляцияны төмендету және АҚШ-қа мигранттардың басып кіруін тоқтату туралы уәдесін қайталады. Бірақ көпшілік «жоқ» деп шу етті.

- Камала бізді ұятқа қалдырды. Келесі сейсенбіде сіздер орындарыңыздан тұрып, Камалаға шыдамдарыңыз таусылғанын айтуға тиіссіздер, - деді Трамп.

Бұған дейін Трамп Манхэттенннің орталығындағы Мэдисон-сквер-гарденде ауқымды митинг өткізген болатын. Онда үміткерге қолдау көрсету үшін миллиардер Илон Маск пен басқа да белгілі адамдар келді.

Алайда митинг жанжалсыз өтпеді. Шара кезінде әзілкеш Тони Хинчклифф Пуэрто-Риконы «қалқымалы қоқыс аралы» деп атап, үлкен сынға қалды. Осыдан кейін Сан-Хуан-Де-Пуэрто-Рико архиепископы Роберто Гонсалес Ньевис  Дональд Трамптан кешірім сұрауын талап етті.

Фото: Getty Images

Байланысты жаналықтар

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

14.05.2025

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті

12.05.2025
MalimBlocks
АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

Ол АҚШ-тың Иллинойс штаты, Чикаго қаласында прокурор көмекшісі қызметін атқарады

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті