457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Көлік бір топ адамды қағып кетті: полиция мәлімдеме жасады

Канададағы Ванкувер полициясы филиппин фестивалінде болған оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Ванкувер қаласында жүргізуші жол талғамайтын көлікпен "Лапу-лапу" филиппин фестивалінің қатысушыларына соқтығысқаннан кейін, жергілікті полиция ресми мәлімдеме жасады.

Полиция өкілдері бұл оқиғаның лаңкестік әрекет емес екенін атап өтті.

"Қазір бұл оқиғаның террорлық акт болмағанына сенімдіміз", – делінген ресми хабарламада.

Кейінгі мәліметтерге сәйкес, бұл оқиғадан 9 адам қаза тапқан.

Еске салайық, 30 жастағы жүргізуші 26 сәуірде кешке филиппин фестиваліне жиналған адамдар тобын көлігімен қағып өткен. Ванкувер полициясының хабарлауынша, күдікті – жергілікті тұрғын. Қазір оның мұндай әрекетке не себеп болғаны анықталып жатыр.

Фото: globalnews.ca