Пәкістандағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1000 адамнан асты

26 маусымнан бері Пәкістанда толассыз жауған жауын-шашын салдарынан болған су тасқындары салдарынан 1002 адам көз жұмды, деп хабарлайды Анадолы.
Бұл туралы Пәкістанның Табиғи апаттардың алдын алу ұлттық басқармасы (NDMA) хабарлады. Құрбандардың қатарында 274 бала мен 163 әйел бар. Сонымен қатар, 1000-нан астам адам түрлі деңгейде жарақат алған.
Пенджаб провинциясында ғана 2,4 миллионнан астам адам табиғи апат салдарынан зардап шеккен.
Су тасқындары ел инфрақұрылымына айтарлықтай залал келтірді:
12 мыңнан астам үй бүлінген,
6 509 мал қырылған.
Билік өкілдері бұл тасқындарды 2022 жылғы апаттан кейінгі ең ірі табиғи апат деп атады. Ол кезде 1 700-ден астам адам қайтыс болып, ел аумағының үштен бірі су астында қалған, ал жалпы шығын көлемі 32 миллиард доллардан асқан болатын.
Фото: Анадолы агенттігі