457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 130-ға жуықтады

Техастың Керр округінің өзінде ғана су тасқыны 103 адамның өмірін жалмады, олардың 36-сы – балалар, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Көптеген адамдар әлі күнге дейін із-түссіз жоғалғандар қатарында.

АҚШ-тың Техас штатында болған жойқын су тасқынынан кейін бір аптадан астам уақыт өткен соң, 12 шілде, сенбі күні, жергілікті билік өкілдері табиғи апат салдарынан кемінде 129 адамның қаза тапқанын хабарлады. Тағы 166 адам іздестіріліп жатыр. Қайтыс болғандардың басым бөлігі – ең көп зардап шеккен Керр округінен.

Сол арада метеорологиялық қызмет 13 шілде кешіне дейін жаңа нөсер жауындар болуы мүмкін екенін ескертіп, су тасқыны қаупі сақталып отырғанын мәлімдеді.

Ал 11 шілде күні The Washington Post басылымы Техастың Керр округі билігі апат кезінде қолында бар, алыс қашықтыққа қауіп туралы ескерту тарататын жүйені іске қоспағанын жазды. Бұл жүйе ұялы телефондарға діріл мен қатты дыбыс арқылы ескерту жасай алады. Оның орнына билік SMS-хабарламалар жіберген, бірақ тек арнайы қызметке тіркелген пайдаланушыларға ғана ескерту жеткен.

 

Фото: Chip Somodevilla/Getty Images