Су тасқынынан 68 адам қаза тапты. АҚШ-та төтенше жағдай

АҚШ президенті Трамп нөсер жауын мен Гуадалупе өзенінің арнасынан асуына байланысты су тасқынынан ең қатты зардап шеккен Техас штатының Керр округінде төтенше жағдай режимін енгізді, деп хабарлайды ТАСС.
Дональд Трамп Төтенше жағдай режимін енгізу шұғыл қызмет өкілдеріне қажет ресурстарды жедел бөлуге мүмкіндік беретінін жеткізді.
Соңғы мәліметтер бойынша, Техастың орталық бөлігінде кемінде 59 адам мерт болған. Техас губернаторы Грег Эбботтың хабарлауынша, 850 адамды эвакуациялауға мүмкіндік туды.
АҚШ президенті сонымен қатар федералды билік өкілдерінің су тасқыны салдарымен күреске қолғабыс етіп жатқанын айтты. Сенбі күні Техасқа АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм барды.
Айта кетейік, Техастағы апатты су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 68 адамға жетті.
Жергілікті биліктің мәліметінше, Керр графтығында 59 адам көз жұмған, тағы 9 адам көршілес аудандарда қаза тапқан. Сонымен қатар христиан жазғы лагерінен із-түзсіз жоғалған қыз балалардың саны 27-ден 11-ге азайғаны хабарланды.
Фото: видеодан скрин


Ең көп оқылған
