Париждегі Нотр-Дам соборын қалпына келтіруге 700 млн еуро жұмсалған

Собордың жаңа көрінісін алғаш боп президент Макрон тамашалады

Мәди Саматұлы

  • 30.11.2024

Париждегі әлемге әйгілі Нотр-Дам соборы 5 жылдан астам уақытқа созылған қалпына келтіру жұмыстарынан кейін қайта ашылуға дайын. BBC жазуынша, Франция президенті Эммануэль Макрон жұма күні жаңартылған қасиетті ғимаратты аралап, алғашқы көріністерімен танысты, деп хабарлайды Malim.kz.

Собордың ресми ашылуы 7 желтоқсанға жоспарланып отыр және бұл оқиға салтанатты түрде атап өтілмек.

Өрт болған күні Макрон тарихи ғимаратты толығымен қалпына келтіруге уәде беріп, бұл оның президенттігі кезінде жүзеге асатынын айтқан еді. Жөндеу жұмыстары барысында ол бірнеше рет құрылыс алаңына барып, процесті өз бақылауында ұстады.

Собордың ең ерекше белгілерінің бірі — үлкен витражды раушан терезелері. Бұл терезелердің түпнұсқалары XIII ғасырға тиесілі, бірақ олардың көбі уақыт өте келе, әсіресе бұрынғы өрттерден жойылған. Соңғы өрттен кейін қанша витраж зақымдалғаны әлі де белгісіз, бірақ жарияланған фотосуреттерге қарағанда олардың кейбірі керемет қалпына келтірілген.

Президент Макронның айтуынша, собор жаңадан салынғандай әсер қалдырады және ерекше керемет көрінеді.

Реставрация жұмыстары 700 миллион еуроға бағаланып, оның бір бөлігін жеке инвесторлар қаржыландырды. Жоба сәулетшілерінің айтуынша, шатырды қалпына келтіру үшін қолданылған емен ағаштары Францияның әр түрлі аймағынан жиналған. Әсіресе, шатыр мен шпильді қалпына келтіру ең күрделі жұмыстардың бірі болған. Бұл жобаға 250 құрылыс компаниясы мен жүздеген мамандар қатысқан.

Фото: CHRISTOPHE PETIT TESSON/POOL/AFP

Байланысты жаналықтар

Атырау облысындағы ең үлкен көпірде жүк көліктеріне уақытша тыйым салынды

17.11.2024

Өскемендегі жылу магистраліндегі апат жөнделіп жатыр

17.11.2024

«Ұлы Дала жауһарлары» Парижде көрсетіледі

02.11.2024

Ақтөбе қаласы мемлекеттік бассейндерсіз қалды

02.11.2024

Назымға тағы бір көлік сыйлады

06.10.2024

«Қазақ қызы Парижде»: Динара Сәтжанның ерекше образы жұртты тамсандырды

26.09.2024
MalimBlocks
Атырау облысындағы ең үлкен көпірде жүк көліктеріне уақытша тыйым салынды

Көпірде жарықтар пайда болған

Өскемендегі жылу магистраліндегі апат жөнделіп жатыр

Жөндеу жұмыстары біт сәтке тоқтамаған

«Ұлы Дала жауһарлары» Парижде көрсетіледі

Көрме Ұлттық музей мен мемлекеттік қорық-музей коллекциясынан құралады

Ақтөбе қаласы мемлекеттік бассейндерсіз қалды

Қала басшылығы жекеменшік бассейндерді жалға алып отыр

Назымға тағы бір көлік сыйлады

Бұл жолы Li-6 автокөлігіне ие болды

«Қазақ қызы Парижде»: Динара Сәтжанның ерекше образы жұртты тамсандырды

Қазақстандық тележүргізуші бірнеше күннен бері Франция астанасында жүр.