457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Польша НАТО-дан дрондарға қарсы қару-жарақ сұрады

Польша НАТО одақтастарына қосымша әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін және ұшқышсыз аппараттарға қарсы технология беруді өтінді, деп хабарлайды Malim.kz Bloomberg-ке сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, ресейлік дрондар Польша әуе кеңістігін бұзғаннан кейін Варшава серіктестерімен кеңес өткізген.

«Чехия, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Финляндия және Балтық елдері – барлығы қолдау көрсетуге дайын екенін білдіріп, нақты мәлімдемелер жасады», – деді келіссөздерден кейін Польша қорғаныс министрі Владислав Косиняк-Камыш.

Нидерланд билігі 2025 жылдың соңында Польшаға екі Patriot әуе қорғаныс жүйесін, дрондарға қарсы құралдар беріп, 300 әскер жіберетінін жариялады.

Чехия үш Ми-171Ш тікұшағын бөлуді уәде етті.

Праганың айтуынша, олар «поляк әскеріне төмен биіктікте ұшатын дрондардан елді қорғауға көмектеседі».

Фото: Rafal Niedzielski/AP Photo/picture alliance

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00

Ең көп оқылған