Қабір қазудан жарыста мажарлар тағы қара үзді

IMAGE: ©massaget.kz
Венгрия Зират операторларының Қауымдастығы (MTFE) жылда ұйымдастыратын қабір қазудан жарыста жергілікті Parakletosz Nonprofit Kft командасы тағы да - екінші мәрте жеңімпаз болды.
RTVI басылымның хабарлауынша, жарыста ұзындығы 2 метр, ені 80 сантиметр және тереңдігі 1.6 метр болатын қабірді 2 сағат ішінде қазып тастау шарт болған. Содан соң қабірді қайта көміп, төмпешік жасап қою керек екен. Қабір қазушылардың жұмысы 10-балдық жүйемен бағаланыпты.
Жеңімпаз болып танылған венгрлік команда 1 сағат 33 минут 20 секунд ішінде қазып үлгеріпті. Қауымдастық таратқан мәлімет бойынша, олар мұндай жарысты қоғамда қабіршінің еңбегін бағалауды арттыруға ұйымдастырыпты.