Екібастұзда Бірінші дүниежүзілік соғыс тұтқындарының зираты табылды

Сұлу Бөлек

  • 18.05.2025

Павлодар облысы Екібастұз қаласындағы "Богатырь Көмір" ЖШС-нің көмір кесіндісі маңынан Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қайтыс болған венгр тұтқындарының зираты табылды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

2023 жылы "Богатырь Көмір" ЖШС көмір разрезінде ағылшын мердігерлеріне арнайы аумақ бөлінген. Алайда сол жерде ескі зират бары анықталған. Әзірге бетон плиталардан жасалған тек екі құлпытастың жазуы оқылды, ал жалпы саны – 30-ға жуық. Бұл көмір разрезіндегі "Северный" учаскесінің маркшейдерлері – Шолпан Абдуәлиева мен Мария Акимованың арқасында табылған.

Құлпытастағы жазуды зерттеумен "Богатырь Көмір" ЖШС-нің қоршаған орта бөлімі жетекші гидрогеологы Нұрболат Құрманғалиев айналысқан.

"Бастапқыда жазу ағылшын тілінде деп ойладық. Бірақ шақыртылған аудармашы бұл венгр тіліндегі жазу екенін айтты. Содан кейін мен «Екібастұзда венгрлер қайдан жүр?" деп зерттей бастадым, – дейді ол.

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде көптеген әскери тұтқын Сібірге жер аударылған. Олардың ішінде 5 мың астро-венгр Павлодарға жіберіліп, шамамен 700-і Екібастұз шахтасына түскен. Кейбірі ауыр еңбек кезінде көз жұмып, осында жерленген. Бұл шамамен 1915–1916 жылдары болған.

Қазір табылған бетон плиталарды павлодарлық археолог Иван Трухин зерттеуде. Оның айтуынша, зираттар 1918 жылмен белгіленген. Құлпытастағы жазуларды жасанды интеллект арқылы оқып, аудару нәтижесінде осы дерек нақтыланған.

"Жерленгендердің бірі – Будапешттен келген венгр әскери тұтқыны Йожеф Селаси, 1898 жылы туған, 1918 жылы жерленген. Құлпытаста: "Жолдастарыңды еске ал" деп жазылған", – дейді Иван Трухин.

Тарихи маңызы бар бұл плиталарды ашық аспан астындағы музейлерге тапсыру ұсынылған. Қазіргі таңда зират аумағын ауыр техниканың басып кетпеуі үшін шаралар қабылданған, жұмыстар уақытша тоқтатылды.

Зерттеуден кейін Екібастұздағы археологтар мен геологтар Венгрия елшілігіне хат жолдап, оған Венгрияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Отто Иван Рона жауап қайтарды. Ол елінің Қорғаныс министрлігімен байланысып, Екібастұзға келуді жоспарлап отыр.

Фото: Pavlodarnews.kz

Байланысты жаналықтар

Украина мен Ресей бір-бірімен 205 тұтқынды алмастырды

06.05.2025

Жоғалып кеткен қыз зират басынан табылды

02.05.2025

Жерлеу рәсімі де қымбаттап кетті

25.04.2025

Ұлытау облысында кәмелет жасына жетпей тұтқында болғандарға төлем беріледі

25.04.2025

Екібастұзда азаматтардың жаппай улануына қатысты сот үкімі шықты

22.04.2025

Баянауылдағы жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты

20.04.2025
MalimBlocks
Украина мен Ресей бір-бірімен 205 тұтқынды алмастырды

Жоғалып кеткен қыз зират басынан табылды

Жерлеу рәсімі де қымбаттап кетті

Ең жоғары баға БҚО-да

Ұлытау облысында кәмелет жасына жетпей тұтқында болғандарға төлем беріледі

Екібастұзда азаматтардың жаппай улануына қатысты сот үкімі шықты

Баянауылдағы жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты