Қазан қаласына 8 дронның шабуылдағаны айтылды

Ал дрон шабуылдаған тұрғын үйлерде өрт шыққан

Мәди Саматұлы

  • 21.12.2024

Бүгін таңертеңнен бері Татарстан астанасына дрондар шабуылдап жатыр. Baza телеграм-арнасының жазуынша, шабуыл таңғы 07:50-де (Астана уақытымен 09:50 - ред.) басталған. Қазір жалпы 8 дронның соққы жасағаны белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Арна таратқан ақпаратқа қарағанда, бір дрон өндірістік кәсіпорынға шабуыл жасаса, тағы біреуі өзен үстінде атып түсірілген. Ал 6 дрон тұрғын үйлерге тиген.

Дрондар Камалеев даңғылы, Клара Цеткин көшесі, Юкозинская көшесі, Хади Такташ көшесі, Қызыл Позиция көшесі және Орынбор трассасындағы үйлерге тиген. Дрондарды автоматтармен атып түсіруге тырысқан.

Қаланың ең биік ғимараты – Камалеев даңғылындағы «Лазурные небеса» тұрғын үй кешеніне бірден екі дрон соққан. Қазір онда өрт болып жатыр.

Зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ. Өндірістік кәсіпорындардағы ауысымдар эвакуацияланып, паналау орындарына жіберілген.

Қалада демалыс күндеріне жоспарланған барлық бұқаралық іс-шаралар тоқтатылған.

Шабуыл кезінде тұрғындар метро станцияларына жасырынған.

Қазан әуежайында «Ковер» жоспары енгізілді.

Фото: rua.gr

Байланысты жаналықтар

Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

18.05.2025

Израильдің Газаға жасаған шабуылынан 10 палестин азаматы қаза тапты

11.05.2025

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

09.05.2025

Үндістан мен Пәкістандағы қазақстандықтар эвакуациялана ма? СІМ жауабы

08.05.2025

Үндістанның Пәкістанға жасаған әуе шабуылынан 31 адам қаза тапты

08.05.2025

Үндістан Пәкістанға шабуыл жасады

07.05.2025
MalimBlocks
Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

Израильдің Газаға жасаған шабуылынан 10 палестин азаматы қаза тапты

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

Үндістан мен Пәкістандағы қазақстандықтар эвакуациялана ма? СІМ жауабы

Үндістанның Пәкістанға жасаған әуе шабуылынан 31 адам қаза тапты

Үндістан Пәкістанға шабуыл жасады