Қытай әлемдегі ең ұзын теңізасты туннелін салып жатыр
Циндаода салынып жатқан бұл туннель – әлемдегі ең үлкен және ең ұзын теңізасты туннель болмақ.
Циндаодағы Цзяочжоу шығанағы астындағы екінші туннельдің жерүсті бөлігінің құрылысы аяқталды, деп хабарлайды Жэньминь Жибао газеті.
Жақында Қытайдың шығысындағы Шаньдун провинциясының Циндао қаласында Цзяочжоу шығанағының екінші туннелінің жер үсті бөлігі аяқталды.
Циндаода салынып жатқан бұл туннель – әлемдегі ең үлкен және ең ұзын теңізасты туннель болмақ. Автомагистральдың жалпы ұзындығы 17,48 шақырымды, оның ішінде туннельдің ұзындығы 14,37 шақырымды, су асты учаскесінің ұзындығы 9,95 шақырымды құрайды.
Бұл туннель пайдалануға берілгеннен кейін Циндао қала кеңістігінің құрылымын оңтайландыру, Цзяочжоуван шығанағының жан-жақты дамуы және Цзяодун түбегінің қалалық агломерациясының жалпы бәсекеге қабілеттілігі үшін айрықша қолайлы жағдай қалыптасады, дейді газет.
Сурет: Жэньминь Жибао