Рим Папасы ауруханадан шықты

Ол жиналған халықты қарсы алып, оларға батасын берді, сондай-ақ алаңда жиналған үш мыңға жуық адамға бас бармағын көтеріп, «бәрі жақсы» екенін айтты

Сұлу Бөлек

  • 24.03.2025

Рим Папасы Франциск Римдегі аурухананың балконына алғаш рет шықты. Ол бұл жерде ақпаннан бері емделіп жатыр, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Vaticannews сайтына сілтеме жасап.

Ол жиналған халықты қарсы алып, оларға батасын берді, сондай-ақ алаңда жиналған үш мыңға жуық адамға бас бармағын көтеріп, «бәрі жақсы» екенін айтты. Жиналған жұрт оның ауруханадан шығуын қуанышпен қол шапалақтап қарсы алды.

«Баршаңызға рахмет!» – деді Франциск.

Оған жауап ретінде халық: «Франческо, біз сені жақсы көреміз! Біз сен үшін осындамыз!» – деп айқайлады.

Қысқа сәлемдесуден кейін Рим Папасы Франциск кардиналмен кездесуге аттанды.

Еске салайық, өткен сәрсенбіде Қасиетті Тақтың баспасөз қызметі Рим Папасының денсаулығы біртіндеп жақсарып келе жатқанын және оның аздап жұмыс істеуге кіріскенін хабарлаған еді.

Фото:depositphotos.com / YAY_Images

Байланысты жаналықтар

«Қоштасып келіп едім»: Жұлдызай Дүйсенбиева денсаулығы сыр бергенін айтты

01.04.2025

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 10-шы хат

30.03.2025

Онкологиялық тексерістен кімдердің тегін өтетіні белгілі болды

30.03.2025

Ұлыбритания королі шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды

28.03.2025

Лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімнің анасы ұлын емдеуден бас тартты

26.03.2025

Наурыз мерекесінде ауыр жарақат алған жасөспірімнің жағдайы белгілі болды

22.03.2025
MalimBlocks
«Қоштасып келіп едім»: Жұлдызай Дүйсенбиева денсаулығы сыр бергенін айтты

Ол тұра алмай қаламын деп қорыққан.

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 10-шы хат

Қызық жағдай кинoда бoлып жатыр. Бұрын «талантты, маман кинo рeжиссeрлeрi жeтпeйдi» дeп қиналатынбыз. Eндi eлугe жуық рeжиссeр бар, ал қoятынымыз – жылына бiр фильм. Бiр кeздeгi eң таңдаулы кинo қалашығы қаңырап тұр. Oл да шeтeлдiктeргe жалға iстeп жатыр.

Онкологиялық тексерістен кімдердің тегін өтетіні белгілі болды

Скринингтен өту керектігі жайлы медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары пациентке қоңырау салу, SMS жолдау арқылы хабарлайды

Ұлыбритания королі шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды

Ұлыбритания королі III Чарльз ауруханаға түсті

Лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімнің анасы ұлын емдеуден бас тартты

Наурыз мерекесінде ауыр жарақат алған жасөспірімнің жағдайы белгілі болды

Павлодар облысының Ақсу ауданында Наурыз мерекесін тойлау кезінде аттан құлап, ауыр жарақат алған жасөспірімге дәрігерлер шұғыл операция жасады