Ростовта «лаңкестік топ» өкілдері тергеу изоляторы қызметкерлерін кепілге алды (ВИДЕО)

Арнайы жасақ бүлікші топ өкілдерінің түгел көзін жойды

Мәди Саматұлы

  • 16.06.2024

Ресейдің Ростов қаласында уақытша тергеу изоляторында бүлік шығарып, изолятор қызметкерлерін кепілге алған топ өкілдерінің түгел көзі жойылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ресейлік ақпарат құралдарының жазуынша, 6 адамнан тұратын топ ДАИШ лаңкестік ұйымының өкілдері. Олар пышақпен қаруланып, темір торларды бұзып өтіп, операция бөлімінің бастығы мен кезекшілік қызметінің кіші инспекторын кепілге алған.

Ақпарат көздері анықталған бесеуінің аты-жөнін жариялады:

— Сайпудинов М.Ш (РФ ҚК 161-бабы, 2-бөлігі, а.г., 162-тармақ);

— Цицкиев А.М. (РФ Қылмыстық кодексінің 205-бабының 2-бөлігі);

— Камнеев Д.В (РФ Қылмыстық кодексінің 288.2-бабының 2-бөлігі);

— Гиреев Т.М (РФ ҚК 205.5-бабының 2-бөлігі);

— Акиев Ш.А (РФ Қылмыстық кодексінің 205.5-бабының 2-бөлігі).

Арнайы жасақ уақытша ұстау изоляторында операция жүргізіп, бүлік шығарған топтың 6 мүшесінің түгел көзін жойған. Ал тергеу изоляторының қызметкерлері босатылды. Жараланғандар бар екені айтылады.

Фото: скриншот

Байланысты жаналықтар

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

12.05.2025

Қазақстанда алғаш рет қашықтан басқарылатын робот арқылы ісік алып тастау отасы жасалды

08.05.2025

Елімізде алғаш рет роботтың көмегімен онкологиялық ота жасалды

28.04.2025

Емханаға түскен Руслан Берденов есін жиды

22.04.2025

Алматы әуежайындағы оқиға: Сот істі қайтарды

09.04.2025

Еліміздің 10 өңірінде түрмелерге ықпал жасайтын қылмыстық топтар ұсталды

22.01.2025
MalimBlocks
Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

Қазақстанда алғаш рет қашықтан басқарылатын робот арқылы ісік алып тастау отасы жасалды

Елімізде алғаш рет роботтың көмегімен онкологиялық ота жасалды

Емханаға түскен Руслан Берденов есін жиды

Операция төрт сағаттан астам уақытқа жалғасты.

Алматы әуежайындағы оқиға: Сот істі қайтарды

Еліміздің 10 өңірінде түрмелерге ықпал жасайтын қылмыстық топтар ұсталды

Барлығы 118 күдікті қолға түскен