457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Шымкенттің бас сәулетшісі Арман Әбдешов кабинетінде ұсталды

Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешов жұмыс кабинетінде ұсталды деп хабарлайды Malim.kz Ertenmedia.kz-ке сілтеме жасап. 


Антикордың дерегіне сүйенсек, оған Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 4-бөлігі («Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу») бойынша айып тағылған. Шенді қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Әбдешов бұл қызметке биылғы ақпанда, Руслан Берденов қала әкімінің орынбасары болып тағайындалған тұста келген.

Шендінің тұтқындалуы әкімдікке қарасты «Тұрғын үй Шымкент» компаниясының директоры Ернар Жиембайдың Берденовке қастандық ісі бойынша атышулы сот процесімен тұспа-тұс келіп отыр. Айтпақшы, компанияда дәл қазір аудит жүргізілуде.

Күні кеше қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың көмекшісі сотта куәлік беріп, тосын мәлімдеме жасаған еді.

Оның айтуынша, Руслан Берденов жиналыс сайын басқарма басшыларын үнемі тексеріспен қорқытқан.

«Берденов басқарма басшыларын жинағанда әр жиналысты тексеріспен, «антикор мен экономикалық тергеу қызметін барлық жерге жіберемін» деген ескертумен бастайтын», – деген еді куәгер.

Бұл оқиғалардың арасында қандай да бір байланыс бар-жоғы әзірге беймәлім.

Тағы бір назар аударатын жайт, Әбдешов ұсталған күні әкімдіктің ресми сайтындағы сәулет басқармасына арналған парақша кенеттен ашылмай қалған. Сыздықбеков әзірге үнсіз. Қаланың құрылыс саласындағы түйткілдердің түп-тамыры қайда жатқаны белгісіз күйінде қалып отыр.

Фото: z-taraz.kz; коллаж: Ertenmedia