Адамға алғаш рет шошқаның өкпесі салынды

Қытай дәрігерлері тарихта алғаш рет 39 жастағы ер адамға генетикалық модификацияланған шошқаның өкпесін трансплантациялады. Науқаста бұрын ми өлімі тіркелген, деп хабарлайды Malim.kz Livescience сайтына сілтеме жасап.
Тәжірибе адамның иммундық жүйесінің мұндай ағзаға қалай әсер ететінін және болашақта бұл әдісті тірі пациенттерге қолдану мүмкіндігін зерттеу үшін жасалды.
Бұған дейін миы өлген адамдарға бүйрек, жүрек немесе бауыр секілді ағзалар салынған тәжірибелер болған. Алайда өкпе — ксенотрансплантациядағы ең күрделі ағзалардың бірі. Себебі ол тікелей ауамен байланыста және иммундық жүйенің шабуылына өте бейім келеді.
Фото: pixabay

Ең көп оқылған
