Сеул: Солтүстік Корея Ресейге тағы да әскер жібереді

Оңтүстік Кореяның Ұлттық барлау қызметінің (NIS) мәліметінше, Солтүстік Корея (КХДР) шілде немесе тамыз айында Ресейге қосымша әскери қызметкерлер жібереді, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұл әскери контингент Мәскеудің Украинаға қарсы соғысында Ресей жағына қатысады. Ақпарат Оңтүстік Корея парламентіндегі барлау істері жөніндегі комитетке арналған жабық брифинг барысында жария етілді, деп хабарлайды Yonhap агенттігі.
Бұған дейін ресейлік БАҚ Ресейдің Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгудың сөзіне сілтеме жасап, Пхеньян Курск облысына 5000 әскери құрылысшы мен 1000 сапер жіберуді жоспарлап отырғанын жазған болатын.
«КХДР Мемлекеттік істер жөніндегі төрағасы Ким Чен Ын Ресей аумағын минадан тазарту үшін 1000 сапер, сондай-ақ басқыншылардың әрекеті салдарынан бүлінген инфрақұрылым нысандарын қалпына келтіру үшін 5000 әскери құрылысшы жіберу туралы шешім қабылдады», – деп жазды Gazeta.ru 17 маусымда Солтүстік Кореядан оралған Сергей Шойгудың сөзін келтіріп.
Фото: Russisches Verteidigungsministerium/AP/picture alliance


Ең көп оқылған
