457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Skype бүгіннен бастап жұмысын тоқтатады

Microsoft компаниясы Skype сервисінің ресми түрде жабылатынын мәлімдеді. 2025 жылғы 5 мамырдан бастап бұл қызмет жұмысын тоқтатады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Компания қолданушыларға аккаунт пен оған байланысты деректерді жоғалтпаудың жолын ұсынды – олар Microsoft-тың басқа платформасы – Teams-ке көше алады. Барлық деректі жаңа сервиске экспорттауға мүмкіндік бар.

Microsoft Skype-тың негізгі функциялары – қоңыраулар, хабарламалар мен файл алмасу – Teams-те де қолжетімді екенін айтты. Сонымен қатар, жаңа платформада күнтізбе, қызығушылықтар бойынша топтар, бейнекездесулер сынды қосымша мүмкіндіктер бар.

Skype-тың жабылуына Zoom, Discord, WhatsApp және бүгінде корпоратив коммуникация нарығында үстемдік ететін Teams секілді бәсекелестердің күшеюі себеп болған.

Айта кетейік, 2023 жылғы желтоқсаннан бастап Microsoft Skype-кредиттерін сатуды тоқтатты, ал соңғы жаңартуы 2024 жылғы мамырда шыққан.

Фото:depositphotos.com/Primakov