457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Сот Трамп енгізген баж салығының басым бөлігін заңға қайшы деп таныды

АҚШ соты Дональд Трамп әкімшілігі енгізген кедендік баж салығын конституцияға қарсы деп тауып, төтенше жағдайлар туралы заң негізінде кең ауқымды сауда салығын енгізуге тыйым салды, - деп хабарлайды malim.kz Bild басылымына сілтеме жасап.

Сот шешімінде мұндай шаралардың "конституцияға қайшы" екені айтылып, енді оларды қолдануға болмайтыны көрсетілген. Бұл Трамп әкімшілігі бұған дейін енгізген баждардың басым бөлігіне қатысты.

Соттың айтуынша, Конституцияға сәйкес, сыртқы сауданы реттеу құқығы Конгреске ғана тиесілі және бұл президент құзырына кірмейді. Сонымен қатар, сот мұндай шараларды ақтайтын ұлттық төтенше жағдайдың бар екенін де мойындамады. Трамп әкімшілігі бұл шешімге қарсы апелляция берді.

"Сауда тапшылығы ұлттық төтенше жағдай туғызды. Ол америкалық қоғамды әлсіретіп, жұмысшыларды қолдаусыз қалдырды және қорғаныс өнеркәсібімізге соққы берді. Бұл фактілерді сот теріске шығарған жоқ. Елдегі төтенше жағдайға қалай әрекет ету керегін сайланбаған судьялар шешпеуі керек", – деді Ақ үй өкілі Куш Десаи.

 Бұл саясатқа қарсы шағымды бес шағын америкалық компания түсірген еді.

Сол күні сот жүздеген мың мигрантқа арналған гуманитарлық болу бағдарламасының күшін жоюды да заңсыз деп тапты.

Фото: Mark Schiefelbein/AP Photo/picture alliance