Швейцарияда Путин мен Трамптың кездесуі өтуі мүмкін

Жиынға Зеленскийдің қатысуы туралы мәселе қарастырылып жатыр

Malim Админ

  • 13.01.2025

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуі Швейцарияда өтуі мүмкін. Бұл туралы letemps.ch Швейцария сыртқы істер министрлігінің өкілі Николас Бидоның сұхбат бергенін жазды.

Дипломаттың айтуынша, АҚШ пен Ресей билігі кездесу өткізуді қаласа, Швейцария саммит өткізуге дайын. 

«Бюргенстоктағы саммиттен кейін, Украина, Ресей мен АҚШ-қа бейбіт келісім жасау үшін саммит өткізуге дайын екенімізді айтып келеміз», – деді ол.

Трамптың командасы Украинадағы соғысты тоқтату нұсқаларын талқылау үшін Путинмен кездесуге дайындық жүргізіліп жатқанын растады. Бұл туралы конгрессмен Майк Уолц айтты.

«Дайындық жүргізілуде. Президент Трамптың айтуынша, алдымен келіссөздер жүргізіп, сосын мәмілеге келу қажет. Алдағы айларда міндетті түрде осыны істейміз», – деді Уолц.

Ол келіссөздерге Украина президенті Владимир Зеленскийдің қатысуы туралы да сөз қозғап, алдағы аптада онымен сөйлесетінін айтқан.

Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путин мен Трамптың кездесуіне дайын екенін және Кремль Трамптың бейбіт мәмілеге келу туралы бастамасын құптайтынын айтқан.

Фото: Susan Walsh/AP 

Байланысты жаналықтар

Украинада мобилизация мерзімі тағы ұзартылды

16.04.2025

Байден биліктен кеткеннен кейін Трамптың саясатын алғаш рет сынады

16.04.2025

Нигерияда жыл басынан бері безгектен 127 адам мерт болды

16.04.2025

Зеленский: Түркияда Қара теңіздегі қауіпсіздік келіссөзі жүргізіледі

16.04.2025

Ақ үй БҰҰ мен НАТО-ны қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды

15.04.2025

Тек әйелдерден құралған экипаж ғарышқа ұшып-келді

15.04.2025
MalimBlocks