Тәжікстанда жер сілкінісінен 3 жасар бала қаза тауып, 30 ғимарат қирады

Тәжікстанның шығысында жер сілкінісінен үш жасар бала қаза тапты, 30 үй мен бір мектеп қирады

Сұлу Бөлек

  • 13.04.2025

Тәжікстанның шығысында жер сілкінісінен үш жасар бала қаза тапты, 30 үй мен бір мектеп қирады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Sputnik-Тәжікстанға сілтеме жасап.

13 сәуірде Тәжікстанның шығысындағы Рашт ауданында болған жер сілкіністері салдарынан үш жасар бала қаза тауып, 30-ға жуық үй мен бір мектеп қирады.

Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетінің Дағдарыс жағдайларын басқару орталығының мәліметінше, жер сілкінісі кезінде баланы үйдің қабырғасы басып қалған.

Жексенбіде  шығыс Тәжікстанда үш рет жер сілкінісі тіркелген. Тәжік сейсмологтарының мәліметі бойынша, алғашқы жер сілкінісі 09:24-те (жергілікті уақытпен) магнитудасы 5 балл, екіншісі 12:14-те – 4 балл, үшіншісі 13:33-те – 3 балл болған.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметі бойынша, зілзалалардың магнитудасы тиісінше 5.9, 4.2 және 4.7 болған.

Барлық сілкініс ел астанасы Душанбеден 158-163 шақырым қашықтықта орналасқан Рашт ауданы аумағында тіркелді. Қазір апат аймағында Төтенше жағдайлар комитетінің комиссиясы шығын көлемін бағалап жатыр.

Айта кетейік, бұл жер сілкінісі Қазақстанның оңтүстігіндегі Астана, Тараз, Кентау, Түркістан қалаларында және тағы 20-дан астам елді мекенде, сондай-ақ, Өзбекстан мен Қырғызстанда да сезілген.

Фото: © Sputnik / Амир Исаев

Байланысты жаналықтар

Шымкент және Тараз тұрғындары жер сілкінісін сезді

13.04.2025

Атырау облысында жер сілкінісі тіркелді

10.04.2025

Қытай ғалымдары болжаған жер сілкінісі Қазақстанға әсер ете ме?

09.04.2025

Азияда жойқын жер сілкіністері болуы мүмкін - сейсмологтар

07.04.2025

Мьянмадағы жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 2 мыңнан асты

31.03.2025

Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан шекараға қатысты келісімге қол қойды

31.03.2025
MalimBlocks
Шымкент және Тараз тұрғындары жер сілкінісін сезді

Атырау облысында жер сілкінісі тіркелді

Cейсмологтар Атырау облысы аумағында жер сілкінісін тіркеді

Қытай ғалымдары болжаған жер сілкінісі Қазақстанға әсер ете ме?

Қытай ғалымдарының жақын арада жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін деген болжамы таралған еді. Осы ретте сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы жер сілкінісі бізде де болуы мүмкін деген ақпаратқа жауап берді

Азияда жойқын жер сілкіністері болуы мүмкін - сейсмологтар

Қытай сейсмологтары Қытай мен Азияның бірқатар елінде жойқын жер сілкіністері болуы мүмкін екенін айтты

Мьянмадағы жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 2 мыңнан асты

Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан шекараға қатысты келісімге қол қойды