457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Трамп 19 мамырда Путинмен сөйлеспек

АҚШ президенті Дональд Трамп 17 мамыр, сенбі күні Truth Social әлеуметтік желісінде 19 мамырда Ресей президенті Владимир Путинмен, одан кейін Украина басшысы Владимир Зеленскиймен және НАТО-ның бірнеше өкілімен телефон арқылы сөйлесуді жоспарлап отырғанын хабарлады.

Оның айтуынша, әңгімелесудің негізгі мақсаты — “қырғын қан төгісті” тоқтату. Трамп апта сайын орта есеппен 5000-нан астам ресейлік және украиналық сарбаз қаза табатынын айтып, қантөгісті тоқтату мен сауда қатынастарын реттеуді көздейтінін жеткізді. Ол бұл күнді “жемісті күн болады” деп үміттеніп, соғысты тоқтату жөнінде келісімге келуге мүмкіндік бар екенін атап өтті.

Сонымен қатар, 17 мамырда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров телефон арқылы сөйлескені хабарланды. Вашингтон мәліметінше, тараптар 16 мамырда Ыстанбұлда өткен Украина–Ресей кездесуінде келісілген “1000 сарбазға – 1000 сарбаз” форматы бойынша тұтқын алмасу жөніндегі уағдаластықты құптады.