Трамп 8 мамырды АҚШ-тың Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні деп жариялады

Сұлу Бөлек

  • 02.05.2025

АҚШ президенті Дональд Трамп Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні туралы өз пікірін білдірді, - деп хабарлайды Malim.kz Truth Social әлеуметтік желісіндегі жазбасына сілтеме жасап.

Ол бұл тарихи күн ретінде 8 мамырды атады.

"Біздің одақтастарымыз бен достарымыз 8 мамырды Жеңіс күні ретінде атап өтеді. Алайда біз бұл соғыста кез келген елге қарағанда көбірек үлес қостық. Сондықтан мен 8 мамырды Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні, ал 11 қарашаны Бірінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні деп атаймын", – деді Трамп.

Сондай-ақ, ол қазіргі америкалық басшылықты сынға алып, елде жеңістерді атап өту дәстүрінің жоғалып кеткенін айтты.

"Біз екі соғыста да жеңіске жеттік. Күшіміз, батылдығымыз бен әскери шеберлігіміз жағынан ешкім оза алмайды. Бірақ біз ештеңені тойламаймыз, өйткені қалай тойлау керегін білетін басшы жоқ! Жеңістерімізді қайтадан тойлай бастаймыз!" – деді Трамп.

Айта кетейік, ресми түрде Екінші дүниежүзілік соғыс 1945 жылғы 2 қыркүйегінде Жапонияның тізе бүгу актісіне қол қоюымен аяқталған.
Ал 2004 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 8 және 9 мамырды ТМД елдерінің бастамасымен Еске алу және татуласу күндері ретінде жариялады. Бұл күндер соғыстың барлық құрбанына арналады және ұлттық Жеңіс күндерімен қатар атап өтілуі мүмкін.

Бұған дейін Трамп Иранға қарсы санкцияларды күшейтіп, Иран мұнайын немесе мұнай өнімдерін сатып алатын кез келген ел мен тұлғаға АҚШ-пен іскерлік қатынас жасауға тыйым салынатынын мәлімдеген болатын.

Фото: thenews2.com/depositphotos.com

Байланысты жаналықтар

Трамп АҚШ-тың әскери бюджетін 1 триллион долларға дейін арттырмақ

02.05.2025

Астанада Жеңіс күніне орай отшашу ұйымдастырылады

02.05.2025

АҚШ Трамп билігі кезінде алғаш рет Украинаға қару сатуға рұқсат берді

01.05.2025

Трамп тарифтерінен кейін неміс автоөндірушілері шығынға батты

01.05.2025

АҚШ пен Украина пайдалы қазбалар жөніндегі келісімге қол қойды

01.05.2025

Зеленский Қырымды Ресейге беруге дайын - Трамп

28.04.2025
MalimBlocks
Трамп АҚШ-тың әскери бюджетін 1 триллион долларға дейін арттырмақ

Астанада Жеңіс күніне орай отшашу ұйымдастырылады

АҚШ Трамп билігі кезінде алғаш рет Украинаға қару сатуға рұқсат берді

Трамп тарифтерінен кейін неміс автоөндірушілері шығынға батты

Mercedes-Benz және Volkswagen концерндерінің операциялық пайдасы 40 пайызға төмендеді

АҚШ пен Украина пайдалы қазбалар жөніндегі келісімге қол қойды

Зеленский Қырымды Ресейге беруге дайын - Трамп