Трамп америкалық мұсылмандарға ауызашар берді

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде ауызашар беріп, мұсылмандар алдында сөз сөйледі

Сұлу Бөлек

  • 28.03.2025

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде ауызашар беріп, мұсылмандар алдында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Басылым мәліметінше, ауызашар 27 наурызда өткен. Кешкі ас кезінде Трамп президенттік сайлауда өзін қолдаған «америкалық мұсылманға» алғыс айтты.

«Мұсылман қауымы қарашада бізбен бірге болды. Президент болып тұрғанда, мен де сіздермен боламын», – деді Трамп.

Таяу Шығыстағы жағдай туралы айта келе, ол әкімшілігінің «Авраам келісіміне» сүйене отырып, аймақта тұрақты бейбітшілік орнату үшін үздіксіз дипломатиялық жұмыстар жүргізіп жатқанын айтты.

«Бізге керегі – бейбітшілік», – деді Ақ үй басшысы.

Сондай-ақ Трамп барша халық үшін жарқын әрі үмітке толы болашаққа жетуді мақсат ететінін айтты.

«Ақ үйде сіздерді жақсы көретін адам бар», – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Трамп мұсылмандарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаған болатын. Сол кезде ол әкімшілігі дін бостандығын қорғау жөніндегі міндеттемесін тағы да растайтынын және бұл еркіндік америкалық өмір салтының ажырамас бөлігі екенін мәлімдеген еді.

Фото: abcnews.com

Байланысты жаналықтар

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

14.05.2025

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті

12.05.2025
MalimBlocks
АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

Ол АҚШ-тың Иллинойс штаты, Чикаго қаласында прокурор көмекшісі қызметін атқарады

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті