457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Трамп БРИКС пен оның одақтастарына жаңа баж салығын енгізбек

БРИКС елдері "біржақты тарифтік және бейтараптық шараларды" сынға алған тұста АҚШ президенті Дональд Трамп бұл ұйымның "антиамерикалық саясатын" қолдайтын елдерге қосымша тариф енгізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz dw.com сайтына сілтеме жасап.

"БРИСК-тің антиамерикалық саясатын қолдаған кез келген елге 10 пайыздық қосымша баж салығы салынады. Бұл саясаттан ешкімге жеңілдік берілмейді", – деп жазды Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде.

Сол күні Рио-де-Жанейрода өткен саммит қорытындысы бойынша BRICS елдері бірлескен декларация жариялап, "сауданы бұрмалайтын және ДСҰ ережелеріне сәйкес келмейтін біржақты тарифтік және бейтараптық шаралардың көбеюіне қатты алаңдаушылық білдірді".

Құжатта мұндай шаралар "әлемдік сауданың одан әрі қысқаруына және жаһандық жеткізу тізбектерінің бұзылуына қауіп төндіріп, бар экономикалық теңсіздіктерді күшейтіп, жаһандық экономикалық дамуға кері әсер етуі мүмкін" деп көрсетілген.

АҚШ немесе Дональд Трамп бұл мәлімдемеде тікелей аталмағанымен, AFP агенттігі бұл декларацияны "Пенсильвания-авеню, 1600 мекенжайында отырған адамға (АҚШ әкімшілігіне) бағытталған саяси ескерту" деп бағалады.

Фото: Mauro Pimentel/AFP