457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі қызметінен кетеді

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майк Уолц пен оның орынбасары Алекс Вонг Ақ үйдегі қызметтерінен кетеді, деп хабарлайды Malim.kz CBS арнасына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, әзірге ресми мәлімдеме жасалмағанымен, жағдайға жақын бірқатар дереккөз бұл ақпаратты растаған.

Уолц биыл наурыз айында даулы жағдайға тап болған. Ол Signal мессенджерінде құпия чат ашып, қателесіп, оған The Atlantic журналының бас редакторы Джеффри Голдбергті қосып жіберген. Чатта Йемендегі хуситтер нысандарына әуе соққысы жасау жоспары талқыланған.

Фото: Fox News