"Түк пайдасы болмады". Трамп Путинмен әңгімесі туралы айтып, Байденді тағы бір қағытып өтті

Трамп өзінің Путинмен телефон арқылы әңгімесінің мазмұны туралы жариялады деп хабарлайды malim.kz тілшісі DW басылымына сүйеніп.
"Бұл біршама ұзақтау әңгіме болды. Біз көп нәрсе туралы, оның ішінде Иран туралы айттық. Әрине, Украина туралы да сөйлестік. Маған әңгіме өнбегендей көрінді... Түк пайдасы болмады"
- деді Трамп.
Бұған қоса, АҚШ Украинаға әрі қарай да қару-жарақ бере беретінін айтты. Украинаға көмектің уақытша тоқтауына бұрынғы президенттің кінәлі екенін атап өтті. "Байден бәрін сарқып кетіпті" деді ол.
Айта кету керек, қос президенттің телефон арқылы бұл әңгімесінен бірнеше сағаттан кейін Ресей Киевке жаппай соққы жасады.
Photo: ©bvn.by


Ең көп оқылған
