457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ресей Украинаға әуе шабуылын жасады

4 шілдеге қараған түні Ресей әскері Украинаға қарсы әуеден шабуылдайтын қару түрлерімен жаппай шабуыл жасады. Ресей күштері 539 ұшқышсыз аппарат (БПЛА) ұшырған, оның 330-дан астамы Shahed үлгісіндегі дрондар. Бұл туралы Azattyq-қа сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды. 


Оған қоса бір Х-47М2 "Кинжал" аэробаллистикалық зымыранын, алты "Искандер-М/KN-23" баллистикалық зымыранын және төрт "Искандер-К" қанатты зымыранын қолданған.

"Шабуылдың негізгі нысанасы – Украина астанасы Киев қаласы болды. Жаудың әуе шабуылы құралдарының сегіз елді мекенге түскені тіркелді (барлығы тоғыз зымыран мен 63 дрон), оған қоса, 33 жерге әуеден атып түсірілген нысандардың сынықтары құлаған", – деп хабарлады Украина қарулы күштерінің Әуе күштері қолбасшылығы.

Киевте жергілікті биліктің дерегі бойынша, әуе шабуылынан кемінде 19 адам зардап шеккен, тұрғын үйлер бүлінген. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, Украинаның әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері 478 нысананы залалсыздандырған. 

Фото: svoboda.org