Украина мен Ресей Запарожьедегі АЭС-тен шыққан өрт үшін бір-бірін айыптауда

Еуропадағы ірі электр станциясында күрделі мәселе туындаған

Malim Админ

  • 12.08.2024

Запорожьедегі АЭС-те болған өрттен кейін Ресей мен Украина бірін бірі айыптап жатыр. Жексенбі күні кешкілік аталған нысанда өрт шығып, Еуропадағы ірі электр станциясында күрделі мәселе туындаған. Алайда қос тарап та бұл өрттің радиациялық қауіп төндірмегенін мәлімдеді.

Украина президенті Владимир Зеленский Запарожьедегі АЭС-ті 2022 жылы Ресей оккупанттары басып алғанын, өртті басқыншылар әскері шығарған болуы мүмкін екенін атады. Ал Запарожьеге Кремль тарапынан тағайындалған губернатор Евгений Балицкий өртке кінәлі Украина тарапы екенін жеткізді. Өрт шықпастан бір апта бұын Украина қарулы күштері Ресейдің Курск облысына шабуыл бастаған болатын.

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) бақылаушылары алты реакторлы атом электр станциясының аумағынан бірнеше жарылыстың дыбысын естігенін атап, станцияның солтүстік-батыс бөлігінен шыққан қою түтінді көргенін жеткізген.

"Бақылаушылар командасына бүгін станцияның салқындатқыш мұнараларының біріне дрон шабуылы болды" деп хабарланды. МАГАТЭ-нің бас директоры Рафаэль Мариано "Бұл ядролық қауіпсіздікке әсер етпейді", деді.

Ресейдің "Росатом" мемлекеттік корпорациясы қызыл жалындыТЖМ өрт сөндірушілері кешкі 23:30-ға дейін сөндіргенін хабарлады. Корпорация екі салқындатқыш мұнараның біреуіне "украиналық соққы беретін ұшқышсыз ұшақтардың екі тікелей соққысы болғанын, нәтижесінде ішкі құрылымдарда өрт пайда болған.

Сонымен бірге Ресей ТЖМ жұмыс істемейтін салқындатқыш мұнараның зақымдалғанын, пластикалық бу ұстағыштардың өртенгені туралы ақпаратты жариялады. Ал украиналық "Энергоатом" салқындатқыш мұнаралар мен басқа жабдықтардың біріне зақым келгені туралы деректі таратты.

«Энергоатом» нақты айғақтарды көрсетпей, Ресей әскери техника мен жарылғыш заттарды сақтау үшін атом электр станцияларының салқындатқыш мұнараларын пайдаланады және өрттің себебі абайсызда пайда болуы мүмкін деп мәлімдеді.

Украина және Ресей жағы өрттің радиациялық жағынан ауа әсер етпегенін атап өтті. Украинаның Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметі ел аумағындағы радиациялық жағдайдың тұрақты екенін айтып, "шамадан тыс зиянды қалдықтардың ауаға таралғаны тіркелмеген" деп хабарлады. Украина ІІМ басшысы Игорь Клименко техногендік шыққан радионуклидтер табылмағанын ресми мәлімдеді.

«Әзірге радиация көрсеткіштері қалыпты. Бірақ ресейлік террористер атом станциясын бақылауды жалғастырып жатқан жағдай қалыпты емес және олай болуы да мүмкін емес. Ресей Запорожье атом электр станциясын басып алған алғашқы күннен бастап оны тек Украинаны, бүкіл Еуропа мен әлемді бопсалау үшін пайдаланады», - деді Зеленский.

«Өрттен келген шығын  тоқтатылған алты блоктың қауіпсіздігіне тікелей әсер етпейді. Дегенмен, оның айналасындағы кез келген өрт қауіпсіздік үшін маңызды нысандарға өрттің таралу қаупін тудырады», - деп жазылған МАГАТЭ мәлімдемесінде.

АЭС-тің оккупациялық әкімшілігінің өкілдері МАГАТЭ бақылаушыларына радиация деңгейінің жоғарылау қаупі жоқ екенін растады. "Өйткені болжамды шабуыл аймағында радиоактивті материалдар жоқ", деп жазылған олардың хабарламасында. Радиация деңгейін тексергеннен кейін бақылаушылар оның өзгеріссіз қалғанына көз жеткізді.

Украина Курск атом электр станциясы орналасқан Ресейдің Курск облысына басып кіргеннен кейін алты күн өткенде Запорожьедегі атом электр станциясындағы өрт шыққан.

 Фото: ВВС

Материал ВВС ақпараты негізінде аударылып, дайындалды

Байланысты жаналықтар

Украина «сутенер», ал Ресей «опасыз» санайды

21.11.2024

Ресей мен Украинаның соғысып жатқанына 1000 күн. Текетірес тоқтай ма? 

19.11.2024

Қарақшылық жасаған адам Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды

11.11.2024

Путин Ресейдің ірі мұнай компанияларын өз қолына біріктірмек – шетелдік БАҚ

10.11.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрін қабылдады

07.11.2024

Лавров: Ресей Қазақстанда АЭС салатын халықаралық консорциум жұмысына атсалысуға ниетті

07.11.2024
MalimBlocks
Украина «сутенер», ал Ресей «опасыз» санайды

Арчаковты Украина қарулы күштерімен және Украина жағында соғысып жатқан шешен батальонымен байланысы бар деп, ұзақ мерзімге соттауы мүмкін

Ресей мен Украинаның соғысып жатқанына 1000 күн. Текетірес тоқтай ма? 

Қазір ресейліктер 66 мың 932 шаршы шақырым жерді бақылауда ұстап отыр

Қарақшылық жасаған адам Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды

Сыбайластардың бірі бұған дейін 5 жылға бас бостандығынан айырылған

Путин Ресейдің ірі мұнай компанияларын өз қолына біріктірмек – шетелдік БАҚ

Қазір үш ірі компанияны біріктіру мәселесі талқыланып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрін қабылдады

Сергей Лавров Қазақстанға ресми сапармен келді

Лавров: Ресей Қазақстанда АЭС салатын халықаралық консорциум жұмысына атсалысуға ниетті

«Росатом» бұл мәселені шешуге қажетті өз құзыретін ұсынуға толығымен дайын», – деді ол.