«Үлкен өлшем» тақырыбы әйелдерден қарағанда еркектерді көбірек алаңдатады

«Үлкен өлшем» тақырыбы ер адамдарды әйелдерге қарағанда әлдеқайда көбірек алаңдататыны белгілі болды. 52 031 адам қатысқан ауқымды сауалнамада ер адамдардың тек 55%-ы ғана өз пенисінің ұзындығына көңілі толатынын айтқан,- деп хабарлайды Malim.kz hightech.fm сайтына сілтеме жасап.
Ал 45%-ы үлкенірек болғанын қалайтынын білдірген. Ал әйелдердің 85%-ы серігінің өлшемі толықтай қанағаттандырады деп жауап берген.
Ғалымдардың айтуынша, ер адамдар «орташа көрсеткіштерді» асыра бағалауға бейім. Көпшілігі эрекция кезіндегі пенис шамамен 16 см болуы керек деп ойлайды, алайда нақты мәліметтер бұл көрсеткіштің 12,9–13,9 см екенін көрсетеді. Соның салдарынан қалыпты өлшемдегі ер адамдар өздерін «стандарттан төмен» деп санап жатады.
Психологтар бұл мәселеге мәдениет пен порнография әсер ететінін айтады, себебі солар арқылы шындыққа жанаспайтын стандарттар қалыптасады. Мұндай көзқарас ер адамдарда ұят, мазасыздық және интимдік өмірде қиындықтар туындатуы мүмкін. Ал әйелдер көп жағдайда эмоционалдық жақындық пен серігінің өз-өзіне сенімді болуын маңыздырақ санайды.
Фото: parmanews.ru

Ең көп оқылған
