457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Темекімен күрес: заңнамалық және профилактикалық шаралар тоқтамайды

Биылғы есепке жүгінсек, елімізде шылым шегуді әдетке айналдырғандар 17,5 процентті көрсетіп отыр.  Ұлттық cтaтистикa бюросының мамандары осындай мәліметті халыққа ұсынды.   Санақ мекемесі әр жылы зерттеу жұмыстарын атқарады.


Оған қалалар мен облыс, ауыл, ауданның тұрғындары тегіс қатысатыны белгілі. Сауалнамаға он бес жасқа толған азаматтар, нақтылар болсақ әр үйдің бір мүшесі қатысқан.

Былтырғы санақтың нәтижесін ұсынсақ, халықтың 20 пайызы шылымға әуес екені айқындалды. Ал биыл ол көрсеткіш 17 пайыздан асып жығылды.  Ауылдарда да темекіні құшырлана тартатындар жеткілікті екен. 19 процент. Шаһарлардағы темекі тартатын тұрғындар 16,7 %-ды көрсеткен. Олардың 93 пайызы өндірістен шыққан шылымды тұтынады. Табак өнімін көп қолданатындар ер-азаматтар екен, 34 пайыз шамасында. Ал әйелдер үлесі бес процентті құрайтыны мәлім.

Ұлттық cтaтиcтикa бюpocы жалпыхалықтық сауалнаманы Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша бес жыл бойы жүргізуде. Санақты ДДСҰ –ның халықаралық стандартқа сай тәсілін негізге алып жасап келеді. Түзілген рейтингтен 2025 жылы темекіге құмар жандардың аз да болса азайғанын аңғарамыз. Яғни, кеселдің алдын алу жұмыстарының және мемлекеттік саясаттың жеміс бере бастағанын байқаймыз.  

Шылым шегудің етек алмауы үшін оның құнын да көтеру маңызды. Қазір бір қорап темекі өнімі кем дегенде 900 теңгеден басталады. Түрлі темекілер 1000 теңгенің үстінде сатылуда. Ең төменгі бағасы 920 теңге болып отыр. Шілде айынан бастап жыл соңына дейін осы баға сақталады. Қаржы министрлігінің бұйрығы 1 шілдеден бастап күшіне енді.

Айта кеткен абзал, дәрігерлер қауымы никотинге толы өнімнің адам салығына айтарлықтай залал келтіретінін жағы сембей айтып келе жатыр. Шылымды тастай алмаған жандар көбінесе созылмалы өкпе дертіне ұшырайды. Күніне бір-екі қорапты босататындар өкпенің обырымен бетпе бет келеді. Одан қалды жұтқыншағын зақымдап, мұрын рагына шалдығып, мазасы қашады.

Үкімет ғасыр кеселімен ұдайы күрес жұмыстарын жүргізіп келеді. Мәселен, қоғамдық орындарда езуіне шылым қыстырғандарға 3 АЕК айыппұл белгіленеді. Оны жарнамалауға да рұқсат етілмейді. Заңдық тұрғыда балаларға, жасөспірімдерге сатуға шектеу қойылғаны мәлім. Шылым шегудің бір қасіреті – жүрек аурулары белең алады. Инфаркт бойды алып, жүрек жетіспеу деген кеселге ұрындырады. Одан бөлек, ұмытшақтыққа ұрындырып, қорғаныштық қабілетті әлсіретіп тастайды. Ең басты зияны – ертерек көз жұмуға алып келеді деп дабыл қағып отыр медицина қызметкерлері. Сондықтан, табак өнімін дереу тоқтату аса қажет.

Фото: kazgazeta.kz